astana-view

«Атамекен» Павлодарлық палатасының өңірлік кәсіпкерлер кеңесіне делегатты логистика және цифрландыру салалық кеңесі сайлады

2025 жылғы 06 Ақпан
- Павлодар облысы
287 просмотров

Сайлау ашық дауыс беру арқылы өтті.

Өңірлік кеңеске кіруге ниет білдірген «TKR holding» ЖШС директоры Асқар Ахметов пен «i-GLOBAL CORP» ЖШС директоры Ярослав Ботов. Сайлауға дейін екі кандидаттың да қызметтік тізімдері жарияланды. Нәтижесінде көпшілік дауыс Асқар Ахметовке берілді.
Өңірлік комиссияның хатшысы, Павлодар облысы «Атамекен» палатасының директоры Ерқанат Әбенов өңірлік кәсіпкерлер кеңесіне салалық кеңестердің тәжірибелі және құзыретті өкілдерін сайлау тәжірибесі ақталып, табысты болғанын атап өтті. Бұл жағдайда осы салалық кеңестен келген делегат нақты сала - логистика және цифрландыру саласында бизнес мүддесін қорғаумен айналысатын болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер