Ресурстарды ұтымды жоспарлау және қайта бөлу бизнес жүктемесін азайтуға көмектеседі
Жақында өткен кеңейтілген кеңесте «Атамекен» басшысымен қосылған құн салығы мөлшерін арттыру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар Президенттің ҚҚС мөлшерлемесін қайта қарау туралы тапсырмасымен байланысты оның салдарын жан-жақты талдау қажеттілігі бюджет қаражатын пайдалану тәсілдерін қайта қарау маңызды.
Ресурстарды ұтымды жоспарлау және қайта бөлу бизнес пен халыққа түсетін жүктемені азайтуға, сондай-ақ тұрақты экономикалық ортаны құруға көмектеседі. Ақмола облысының кәсіпкерлердің құқығые қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесінің мүшесі, «Green mar» ЖШС директоры, Көкшетау қаласы мәслихатының депутаты Фаим Жұмабеков осындай пікірде дейді. Кәсіпкер бюджет шығындарын қайта қарауды ұсынады – қайталанатын және тиімсіз бағдарламаларды алып тастау, қаражатты шынымен маңызды бағыттарға қайта бөлу.
«Сондай-ақ әлеуметтік салаларды қолдауды күшейту - денсаулық сақтауға, кәсіпкерлерді қолдауға және қалалық инфрақұрылымды жаңғыртуға қосымша ресурстар бағыттау қажет. Бизнесті дамыту үшін жағдай жасау - шағын және орта бизнеске уақытша салықтық жеңілдіктер мен субсидия енгізу. Бұл шара жұмыс орындарын сақтауға және іскерлік белсенділікті арттыруға көмектеседі. Өңірге инвестиция тарту - индустриялық аймақтарды дамыту, инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасай отырып, инженерлік желілер мен көлік инфрақұрылымын жаңғырту. Сондай-ақ бюджеттік жоспарлаудың тиімділігін арттыру қажет - қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды күшейту, қаржылық болжаудың дәлірек механизмдерін енгізу қажет», - деп атап өтті кәсіпкер.
Фаим Жұмабековтыің пікірінше, бұл шараларды іске асыру бюджетті теңестіріп қана қоймай, экономиканы дамыту үшін қолайлы жағдайжасауға мүмкіндік береді. Бұл шара азаматтарымыздың өмір сапасына оң әсерін тигізеді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: