Үкімет өкілдері Ақтөбе облысының бизнесімен Салық кодексіне енгізілген түзетулерді талқылады
Бүгін Ақтөбеде маңызды кездесу өтті. Үкімет өкілдері Салық кодексіне түзетулерді Ақтөбе облысының бизнес-қауымдастығымен талқылады. ҚР Ұлттық экономика Вице-министрі Бауыржан Омарбеков пен ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Нұржанов басқаратын жұмыс тобымен кездесуге кәсіпкерлер, мемлекеттік қызметшілер сонымен қатар облыс және қала мәслихатының төрағалары, депутаттар, қауымдастықтардың, "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының, оның ішінде өңірлік және салалық кеңестердің өкілдерін, сарапшыларды қоса алғанда, 300-ге жуық қатысушы жиналды.
Бұл кездесу өңір бизнесіне салық реформалары мен елдің экономикалық дамуының маңызды мәселелерін талқылауға бірегей мүмкіндік берді. Республика Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 7 ақпанда Астанада бизнеспен кездесуде кәсіпкерлердің пікірінің маңыздылығын атап өтіп, олардың пікірі салық саясатын қалыптастыруда шешуші рөл атқаратынын атап өтті.
Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Абзал Әбдікәрімов кездесуді аша отырып, қатысушыларды бизнес пен экономиканың дамуына ықпал ететін оңтайлы шешімдерді бірлесіп табу үшін сындарлы диалог үшін осы алаңды пайдалануға шақырды.
Кездесудің басты тақырыбы Үкіметтің ҚҚС сараланған мөлшерлемелерін белгілеу жөніндегі ұсыныстарын талқылау болды. Бастапқыда ҚҚС-ты 12% - дан 20% - ға дейін көтеру жоспарланған болатын, бірақ қоғамдық талқылаулар мен Президенттің ұсыныстарынан кейін ставка 16% - ға дейін төмендетілді. Сондай-ақ, агроөнеркәсіптік кешен үшін ҚҚС-ты толығымен алып тастау және денсаулық сақтау және коммерциялық медицина салалары үшін 10% аралық мөлшерлемені енгізу туралы ұсыныстар қарастырылды.
"Біз 2023 жылдан бері ұсыныс ретінде айтып келе жатқан 0% және 10% сараланған мөлшерлеме ұғымын қабылдағанынызға ризамыз. Сіз медицина саласына 10% белгілегенсіз. Басқа салалар болады ма, әлде біз қазір өз тарапымыздан ұсына аламыз ба?",- деп сұрақ қойды Виктория Исарова, кәсіпкер,"Атамекен" палатасының Сауда және қызмет көрсету салалық кеңесінің қаржылық қызметтер кіші секторының басшысы.
"ҚҚС — бұл бюджетті толықтырудың негізгі көздерінің бірі екенін түсіну маңызды", — деп атап өтті Ұлттық экономика вице-министрі. - ҚҚС мөлшерлемесін арттыру және саралау бюджеттің құбылмалы мұнай кірістеріне тәуелділігін азайтуға және басым мемлекеттік жобаларды қаржыландыруға мүмкіндік береді. Біз ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін ҚҚС-тан босатуды ұсынамыз. Қазіргі уақытта шаруа қожалықтары ҚҚС төлеушілер емес және біз оны сақтаймыз. Ауыл шаруашылығымен айналысатын заңды тұлғалар тиісті соманың 30% төлейді. Енді олар осы салықтан босатылып, картоп, қызанақ, пияз және қырыққабат сияқты өнімдерді бәсекеге қабілетті етеді. 10% мөлшерлеме кімге қатысты болады деген сұрақ қосымша талқылауды қажет етеді. Біз сондай-ақ денсаулық сақтау саласы үшін төмендетілген мөлшерлемені ұсынамыз. Барлық ұсыныстар жиналып, талданып, Сіздермен бірлесіп шешілетін болады", — деді Бауыржан Омарбеков.
Кәсіпкерлер реформаның ықтимал салдары, соның ішінде жаңа ставкалардың өнімнің өзіндік құнына және баға деңгейіне әсері туралы алаңдаушылық білдірді, бұл сайып келгенде тұтынушыларға әсер етуі мүмкін.
"Осындай диалог алаңдарын құру қажет, рақмет. Әр саланың өзіндік ерекшелігі бар және бірлескен күш-жігермен бұл дифференциацияны анықтауға болады. Тек санды қойып қана қоймай, ставкалардың шынымен 10%, 12% кірістің өсуіне әсер ететіндігін бағалау үшін жаһандық ұзақ мерзімді жұмыс жасасақ. Сондай-ақ, инфляцияның осы кезеңінің қысқа мерзімділігі үлкен мәселе болып отыр. Біз бәріміз салық төлеуіміз керек деп санаймыз. Кім адал төлесе, одан да көп төлейтін болады, ал кім көлеңкеде қалса, солай қала беретіңдері аландаушылық бар", - деді Мадияр Еспаев, ЖШС директоры, ӨКП сауда және қызметтер салалық кеңесінің қаржы қызметтері кіші секторының мүшесі.
Кездесу барысында айтылған барлық мәселелер мен ұсыныстар Салық кодексінің жобасына және Мәжілісте қаралатын ілеспе заң жобаларына түзетулер енгізу кезінде ескерілетін болады.
Сондай-ақ, Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Дидар Боранқұловтың пікірін алдық. Ол Президент ұсынылған өзгерістердің экономиканың барлық салаларына әсерін неғұрлым мұқият талдау қажеттігіне баса назар аударғанын атап өтті.
"Бүгін кездесуде айтылған барлық ұсыныстар "Атамекен" палатасының салалық кеңестерінің отырыстары аясындағы белсенді талқылаулардың нәтижесі болып табылады. Ставкаларды саралау өте қажет. Біз үшін, Палата үшін, әділ салық салуды қамтамасыз ету маңызды, микро және шағын бизнестің мүдделерін ескеру үшін. Салық кодексінің өзі қарапайым және болжамды болуы керек", - деді ол.
Бұл кездесу бұқаралық ақпарат құралдарының назарын аударып қана қоймай, бизнес пен Үкімет арасындағы ашық әрі сындарлы диалогқа жасалған маңызды қадам болды. Салық реформаларын талқылау — Ақтөбе облысында және бүкіл елде неғұрлым қолайлы бизнес-орта құрудың кілті.
Сонымен қатар, іс-шараға қатысушылар үшін қаржы институттары, МКД, "Атамекен" палатасы және басқа да ұйымдар өкілдерінен консультациялық үстелдер ұйымдастырылды, бұл кәсіпкерлерге қосымша түсініктемелер мен кеңестер алуға мүмкіндік берді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: