ҰКП алаңында көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыру мәселелері талқыланды
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасында «Кең дала - 2» бағдарламасы бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыру мәселелері бойынша кезекті кеңес өтті
Бірнеше апта бұрын кәсіпкерлер «Кең дала - 2» несиелендіру бағдарламасы аясында көктемгі-егіс жұмыстарын қаржыландырудың проблемалық мәселелерін айтқан болатын.
Олардың арасында жеке кепілдіктерді қамтамасыз ету, игеру мерзімдерін, қарыздарды мақсатты пайдалануды, айыппұл санкцияларын және тағы басқа мәселелері болды.
Бүгін барлық қатысушылар осы құрамда жиналып, несиелік ұйымнан кері байланыс алды.
«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Ербол Есенеев бұл мәселенің диханшылар үшін маңыздылығын атап өтіп, Аграрлық несие корпорациясының басшылығына қысқа мерзім ішінде шұғыл шешім қабылдағандары үшін алғысын білдірді.
«Мен бүгін кері байланыс беріп, қазіргі уақытта қандай жеңілдіктер жасалғанын айтқым келеді: бірлескен қызмет туралы шарттар бойынша жерлерді кепілге беру міндетті талабын алып тастады. Сондай-ақ мынадай санаттар үшін жеке тұлғалардың кепілдіктерін ұсыну жөніндегі талапты алып тастаймыз: біріншіден, адал қарыз алушылар үшін. Екіншіден, өтімді кепілдікті қамтамасыз еткен қарыз алушыларға. Үшіншіден, кәмелетке толмағандардың заңды тұлғаларының қатысушыларынан. Тіпті қандай да бір жағдайларда жеке тұлғаның кепілдігі сұралса да, кепілгер иеліктен шығармауға, сатпауға, сыйға тартпауға және өзгертпеуге шектеу қойған пунктті алып тастадық, яғни бұл шектеулер алынып тасталды», - деп «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Аяпбергенов атап өтті.
Несие корпорациясының басшылығы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін шарттарды қайта қарау бойынша одан әрі жұмыс жүргізіліп жатқанын белгіледі.
АӨК кредиттік серіктестіктері қауымдастығының төрағасы Альмира Сағат, Қостанай облысы өңірлік кәсіпкерлер палатасының агроөнеркәсіптік кешен салалық кеңесінің төрағасы Светлана Михайленко және кеңестің басқа да қатысушылары «Кең дала - 1», «Кең дала - 2» бағдарламаларының сапасын арттыру үшін тағы бірқатар ұсыныстарын білдірді.
«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы нарыққа қатысушылар үшін кредиттік өнімдерді жетілдіру бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-мен бірлескен жұмыс жұмысын жалғастырады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: