astana-view

StopFake:«Атамекен» ҰКП ескертеді!

2025 жылғы 19 Ақпан
1621 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі жалған таратылым бойынша ескертеді. Таралған ақпаратқа сәйкес, сауалнамадан өтіп, Атамекенмен бірге ақша табуға болатыны айтылады. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді! «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ешқандай сауалнама жүргізбейді. Аталмыш материалды тарату фактісі бойынша құқық қорғау органдарына хабарланды.

Мұндай схемаларға қатысу қолма-қол ақшаның жоғалуына не жеке деректердің таралуына әкелуі мүмкін. Егер осындай күдікті ұсыныстар болса, құқық қорғау органдарына хабарласуыңызды сұраймыз.

«Атамекен» ҰКП қызметі, оның бастамалары мен қызметтері туралы барлық ақпарат тек ресми ресурстарда жарияланады:

«Атамекен» ҰКП қызметіне байланысты мәселелер туындаған жағдайда, сіз 1432 нөмірі бойынша call-орталыққа қоңырау шала аласыз.

Кәсіпкерлер мен қазақстандықтардан тек ресми дереккөздерге сенуді сұраймыз. Сондай-ақ, алаяқтық схеманың құрбаны болмау үшін жақындарыңызбен осы ақпаратпен бөлісуге шақырамыз.

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер