Астанада әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бойынша салалық кеңес құрылмақ.
Әлеуметтік кәсіпкерлік халықтың әлеуметтік осал топтарын жұмыспен қамту, білім беру бастамаларын дамыту және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту сияқты маңызды қоғамдық мәселелерді шешудің тиімді құралына айналуда.
Осыған байланысты Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасы Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі салалық кеңесті құруды қолға алды. Оның негізгі мақсаты – әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған бизнестің қалыптасуы мен дамуына жәрдемдесу.
Салалық кеңесті қалыптастыру келесі бағыттарды қамтиды: 1. Әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау тетіктерін әзірлеу және енгізу; 2. Осы салада бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасау; 3. Кәсіпкерлер, сарапшылар және мемлекеттік органдардың күш-жігерін біріктіру; 7. Сәтті әлеуметтік бастамалар мен жобаларды ілгерілету.
Кеңестің басты міндеттерінің бірі – әлеуметтік кәсіпкерлікті ынталандыруға арналған стратегиялық шешімдерді әзірлеу, сондай-ақ оның дамуына ықпал ететін құқықтық негізді қалыптастыру. Әлеуметтік кәсіпкерлер халықтың әлеуметтік осал топтарына жұмыс орындарын ашады, осы топтар өндірген өнімді жүзеге асырады, осы санаттарды қолдауға бағытталған тауарлар мен қызметтер шығарады, білім беру, мәдени және ағартушылық бастамаларға қатысады.
Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту – тұрақты болашаққа қадам. Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз етуде, азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруда және әлеуметтік осал топтардың мүмкіндіктерін кеңейтуде маңызды рөл атқарады. Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасы осы бағыттағы белсенді жұмысын жалғастырып, кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдай жасап, әлеуметтік бағыттағы бизнесті дамытуға ықпал ететін болады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: