Есептелген қосымша сомалар хабарламалары бойынша «Атамекенде» кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестің отырысы өтті
Салық органдары салық төлеушілер ұсынған есептерді, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ салық төлеушілердің қызметі туралы басқа да құжаттар мен мәліметтерді зерделеу және талдау негізінде камералдық бақылау жүргізді. Нәтижесінде Алматы қаласының кейбір кәсіпкерлері қосымша салық сомаларын төлеу қажеттілігі туралы хабарлама алды. Өңірлік палатаның кәсіпкерлерді қорғау жөніндегі кеңесі камералдық бақылау жүргізудің құқықтық аспектілерін және бизнеске тиер салдарын талқылау бойынша отырыс өткізді.
Алматы қаласы «Атамекен» ӨКП заң блогының жетекші сарапшысы Қанат Ешенгелдиев дауыстаған баяндамасында қосымша салықтардың кенеттен есептелуіне блогерлер алаңдаушылық білдірген.
Салық органдары салық төлеушілерге есептелген қосымша сомалардың егжей-тегжейлі түсіндірмелері мен негіздемелерін ұсынуға міндетті екендігін атап, берілген есепте қателер анықталған жағдайда, және салық төлеуші қателерді түзетуде адалдық танытса, айыппұл санкцияларын қолданбай-ақ кемшіліктерді түзетуге мүмкіндік берілуі тиіс, - деп санайды отырысқа шақырылған заңгерлер.
«Алматы қаласы бойынша кіріс бөлігін төмендету тұрғысынан 10 мыңнан астам ЖК пысықталуда. Олардың ішінде инфлюенсер, блогерлер санаты бар. Олар өздерінің режиміне сәйкес салық төлеуі керек. Хабарламалар берілді. Жағдайды реттеуге заң бойынша 30 жұмыс күн беріледі. Егер салық төлеуші келіспесе, ол кірістерін растайтын құжаттары мен түсініктемесін салық төлеушінің кабинеті арқылы бере алады», - деп атап өтті Кеңес отырысына арнайы шақырылған Алматы қаласы бойынша МКД өкілі Нұрлыбек Оспанов.
28 ақпанда Премьер-Министрдің Ұлттық экономика министрімен және қаржы министрімен құрылыс компанияларынан түсетін салық түсімдеріне бақылауды күшейту туралы жұмыс кеңесі өткен-тін. Осыған орай Алматының шағын және орта санаттағы құрылыс компаниялары да кенеттен қосымша салық төлеу жөніндегі хабарлама түсетініне алаңдаушылық білдірген.
Алайда, Алматы қаласы бойынша МКД заңды тұлғаларды әкімшілендіру басқармасының бөлім бастығы Данияр Талғат қазіргі уақытта құрылыс компаниялары бойынша жеке пысықтау жоқ екенін, оларды әкімшілендіру әдеттегі форматта жүзеге асырылатынын түсіндірді.
Осылайша, кей кәсіпкерлерге жолданған есептелген қосымша сомалардың салығын төлеу жайындағы хабарламаларда Кеңес заңсыз әрекет көрмеді. Кәсіпкерлер арасында дүрбелең туындамас үшін Кеңес төрағасы Бақытбек Бегалиев «Атамекен» жанындағы салалық кеңестерді тарта отырып, қосымша түсініктемелер жүргізу қажет екенін атап өтті.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: