astana-view

Фермерлердің проблемалық мәселесі бақылауда

2025 жылғы 14 Наурыз
- Ұлытау облысы
163 просмотров

«Ауыл» партиясы филиалында Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасының агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі салалық кеңесінің кезекті көшпелі отырысы өтті. 

Отырыстың күн тәртібінде Қоскөл, Мибұлақ ауылдық округтеріндегі шаруаларды субсидиялау мәселесі талқыланды.
2024 жылдан бері шаруалар көтеріп келе жатқан мәселенің бірі – ауылдық жерлерде (Қоскөл, Мибұлақ) шегірткенің басып кетуінен жердің тақырға айналуы, соның салдарынан ауыл диқандарының қыс маусымына малына шөп дайындай алмай қалуы.
Ұлытау өңірінің шаруалары, жоғарыда аталған аудандардың шаруалары да мал азығын сатып алуға мемлекеттік қолдауға мұқтаж.
2025 жылға облыстағы шаруаларға мал азығына субсидия бөлу үшін жергілікті бюджеттен қаржыландыру қарастырылды.
Қазіргі таңда Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңесінің жергілікті атқарушы органдармен, депутаттармен бірлесіп атқарған жұмыстарының арқасында мәселе түпкілікті оң бағытта шешілді.
2025 жылға мал азығына субсидия бөлу үшін жергілікті бюджеттен қаржыландыру қарастырылды.
Кеңес мүшелерінің айтуынша, мәселені шешу өңірдегі шаруа қожалықтарын дамытуға мүмкіндік береді. Ауылдардағы ауыл шаруашылығы саласының дамуына да оң әсерін тигізіп, мал шығынының алдын алады.


 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер