astana-view

«Атамекен» Палатасындағы кәсіпкерлер Павлодар мектептерінде тамақтандыруды ұйымдастыруға қолдау көрсетуді сұрады

2025 жылғы 18 Наурыз
- Павлодар облысы
423 просмотров

Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының әлеуметтік мәселелер жөніндегі салалық кеңесінің отырысында бірден екі мәселе қаралды. Кездесуді «Атамекен» ӨКП директоры Ерқанат Әбенов өткізді.

Бірінші мәселе - мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің оқушыларын тамақтандыруды ұйымдастыру. Осы кездесуге қатысу үшін Астанадан арнайы келген заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің «Бөлшек сауда және қоғамдық тамақтану қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің вице-президенті Марина Лаптева кәсіпкерлерге сілтеме жасай отырып, 2025 жылға арналған тамақтану құнын білім басқармасы күніне әр балаға 506 теңгеге дейін ұлғайтып, барлық білім беру ұйымдарына жеткізгенін айтты. Ол қызмет көрсетушілерге толық ақы төлеуді қамтамасыз етуде білім басқармасының қолдауын сұрады.

Күн тәртібінің екінші мәселесі - білім басқармасының күнделікті рациондағы тағамдар санын ұлғайту жағына қолданыстағы ас мәзірін қайта қарау талаптары. Кездесуде тараптар кәсіпкерлер мектеп түскі астарына салаттарды да қосады, ал білім басқармасы олардың жұмыс көлемін толық төлейді деп келісті. Бұл балалардың тамақтануын жақсартуға және бизнестің құқықтарын қорғауға алып келеді.

"Кеңес барысында біз бірден екі мәселені шешуге қол жеткіздік, бұл барлық тараптардың сындарлы диалогқа дайындығын білдіреді. Біз «Атамекен» ретінде бизнестің құқықтары мен мүдделерін қорғаймыз, бірақ бұл ретте балалардың құқықтарын да ескеру керек. Осындай алтын ортаны өз жұмысымызда ұстанамыз ", - дейді Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Әбенов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер