astana-view

ҚР ҰКП Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 15 мамырдағы Шарт жобасының ағымдағы нұсқасын жариялайды

2014 жылғы 18 Мамыр
7616 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасына Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 15 мамырдағы Шарт жобасы келіп түсті.

Қазірде Шарт жобасын даярлау процесі іс жүзінде аяқталған. ЕЭО туралы Шарт жобасына Астанада 29 мамырда өтетін Жоғары экономикалық кеңес отырысында қол қойылады.

ЕЭО туралы Шарт жобасының институционалдық және функционалдық бөлімдерден тұратындығын еске сала кетейік.

Институционалдық бөлім ЕЭО құқық субъектілігі, негізгі қағидалары, мақсаттары, құзыреттіліктері, құқықтары, басқару органдары, бюджеті мәселелерін реттейді.

Функционалдық бөлім экономикалық интеграцияның салалық реттеу мәселелерін қозғайды. ЕЭО туралы Шарт жобасы экономикалық әрекеттің келесі салаларын реттейді:

  • кедендік реттеу;
  • сыртқы сауда саясаты;
  • техникалық реттеу;
  • санитарлық, мал дәрігерлік-санитарлық және карантиндік фитосанитарлық шаралар;
  • тұтынушылар құқығын қорғау;
  • макроэкономикалық саясат;
  • валюта саясаты;
  • қызметтер және инвестициялар саудасы;
  • қаржы нарықтарын реттеу;
  • салық және салық салу;
  • бәсекелестік саясаты;
  • табиғи монополиялар;
  • энергетика;
  • көлік;
  • мемлекеттік және муниципалдық қажеттіліктер үшін сатып алулар;
  • зияткерлік меншік;
  • өнеркәсіп;
  • агроөнеркәсіптік кешен;
  • еңбек көші-қоны.

Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарт жобасымен мына жерде танысуға болады.

Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарт жобасына қосымшалармен мына жерде танысуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер