astana-view

Ұлттық кәсіпкерлер палатасында EXPO-2017-ге дайындық аясында «City Pass» қонақтық дисконт картасы жобасының тұсаукесері өтті

2014 жылғы 16 Мамыр
8523 просмотров

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитеті мен «EXPO-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық жүргізу және оны өткізу дирекциясы» ЖШС-пен бірлесе отырып, ЭКСПО-2017-ге дайындығы туралы бизнес субъектілеріне түсіндіру бойынша «Экспо-2017 Болашақ энергиясы – «Жарқын қала» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Кездесу барасында ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Сауда комитетінің Хатшылығы Қонақтық дисконт картасы мен Сауда және қызмет көрсету нысандарын даярлау орталығы жобасының тұсаукересін өткізді.

Қызмет көрсетуге даярлау орталығының бағдарламасы халықаралық стандарттарға сәйкес мейрамхана бизнесін жүргізу бойынша тамақтану нысандарының және қонақтарға қызмет көрсету жүйесінің сипаттамасымен, тілдік сауаттылықты көтеру бойынша қызметкерлер даярлығының бірыңғай оқу бағдарламасымен нұсқаулық сипаттағы Басшылықты дайындаудан тұрады.

Қызмет көрсету саласы мен сауда нысандарын топтастыруды анықтау мен инвентарлауды жүргізу жоспарланған. Жыл сайын оқытудың қорытындысы бойынша қоғамдық тамақтандырудың қызметкерлері арасында ең үздік маманды анықтауға конкурс өткізу жоспарда бар.

Астана және Алматы қалаларында «City Pass» қонақтық дисконт картасын енгізу бойынша әлеуетті қатысушылардың тізімін қалыптастыру мақсатында жұмысқа мейрамханалардың, асханалардың, дәмханалар мен барлардың 40-тан аса өкілі қатысты. «City Pass» қонақ картасы қатысушыларының тізімін қалыптастыру нәтижесі бойынша кәсіпорындарға Экспо логотипі бар Сенім сертификаттары берілетін болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер