astana-view

ҰКП-да денсаулық сақтау саласындағы инвестициялық ахуалды жақсарту мәселелері талқыланды

2025 жылғы 11 Сәуір
2048 просмотров

Қазақстандағы фармацевтика нарығының көлемі 2024 жылы 2,5 миллиард доллардан астамға жетті. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, саланың өсуі ішінара экспорттық әлеуетпен қамтамасыз етілген, бірақ отандық өнімнің үлесі төмен болып қалып отыр , яғни, өткен жылы жалпы өндіріс көлемінің 15%-ы ғана.

Бұл ретте Қазақстан алдағы бес жылға фармацевтика нарығындағы отандық тауар өндірісінің (ОТӨ) үлесін 50%-ға жеткізу міндетін қойып отыр. Осы мақсатқа жету қадамдарын талқылау және отандық өндірушілер мен жеке денсаулық сақтау секторындағы инвесторлар үшін тартымды жағдайлар жасау үшін «Атамекен» ҰКП бизнес және мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен ҚР ҰКП Төралқасының Фармацевтика, медициналық өнеркәсіп және медициналық қызмет көрсету Комитетінің кеңейтілген отырысын ұйымдастырды.

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының Фармацевтика, медицина өнеркәсібі және медициналық қызмет көрсету Комитетінің төрағасы Нұржан Отарбаев атап өткендей, былтыр Қазақстанға инвестиция көлемі үштен бірге қысқарды. Бұл денсаулық сақтау саласының көрсеткіштеріне теріс әсер етті.

«Соңғы кездері өсудің негізгі көзі мемлекеттік қаражат болды. Бұл медицина саласындағы жеке инвесторлардың рөлінің төмендегенін көрсетеді. Бұл ретте ҚР 2029 жылға дейінгі инвестициялық саясатының Тұжырымдамасы бекітіліп, оның аясында кемінде 150 миллиард доллар тарту жоспарлануда. Шетелдік инвестицияға қатысты проблемалардың ұлттық сипатта екенін түсінеміз, сондықтан қысқа мерзімде отандық инвесторларға назар аудару керек», - деді спикер.

Оның айтуынша, инвестициялық ахуалды жақсартуға кедергі келтіретін факторларға бюджеттік саясаттың белгісіздігі, келісім-шарттардың тұрақсыздығы, қажеттілікті жанама тосқауыл қою және шектеуші салалық реттеулер өзгерістерінің жеткіліксіз динамикасы жатады.

Кәсіпорындар атап өтетін негізгі проблемалардың бірі - бюрократия мен рәсімдердің ұзақтығы. Осылайша, соңғы жылдары жергілікті компаниялар дәрі-дәрмек пен медициналық мақсаттағы бұйымдарға шекті бағамен тапсырыстарды және Сатып алу тізімдерін бекітудің кешіктірілуіне байланысты қоймадағы қорлардың артық болуына тап болды.

«Бірыңғай дистрибьютормен жасалған ұзақ мерзімді келісім-шарттарға қарамастан, мен отандық өндіруші ретінде Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырыстарын шекті бағамен бекітудің кешіктірілуіне немесе белгісіз себептермен Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырыстарына заттардың енгізілмеуіне байланысты өзімнің медициналық өнімдерімді сата алмаймын», - дейді п атап өтті «ZHULDYZ KENAN» ЖШС директоры Бағлан Баққұлова.

Медициналық құрал-жабдықтарды өндірушілер Қауымдастығының төрағасы Гүлмира Мұхамеджанова Денсаулық сақтау министрлігі ұсынып отырған медициналық техниканы сатып алу әдістерін толығымен қайта қарау қажеттігін жеткізді. Оның айтуынша, бұл нарықтың монополиялануына және сапасыз медициналық құрал-жабдықтарды жеткізу қаупіне әкелуі мүмкін.

Өз кезегінде «Medical Management Group LTD» компаниясының негізін қалаушы Лейла Ишбаева сыбайлас жемқорлық деңгейі жоғары елдерде инвестицияның едәуір бөлігі жаңа нысандардың құрылысына жұмсалатынын, ал дамыған елдерде денсаулық сақтау саласы технология мен құрал-жабдыққа баса назар аударатынын мәлімдеді.

«Елордада шамамен 1,5 миллион тұрғын тіркелген, оның 660 мыңы жеке емханаларда қызмет көрсетеді. Сапалы және қолжетімді амбулаториялық көмекті қамтамасыз ету үшін 150 миллиард теңгеге дейін инвестициялау қажет. Дегенмен, қазіргі қарқынмен жұмыс істей отырып, белгілі бір мәселелерге тап болдық, яғни, мемлекеттік және жеке емханалар көрсетілген көмек үшін бірдей мөлшерлеме алады, ал мемлекеттік мекемелер толығымен бюджеттен қаржыландырылады», - деді спикер.

Шешімді талап ететін өзекті мәселелер қатарында ЕАЭО тіркеу куәлігі бар дәрілік заттарды өткізуде заңнамалық кедергілердің болуына, сондай-ақ, 2025 жылдың 1 қаңтарында іске қосылған med.ecc.kz жаңа электрондық веб-порталы аясында фармацевтикалық және медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуға қатысты мәселелер көтерілді.

Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев Денсаулық сақтау министрлігінің бағамен тапсырыстарды бекіту және нарыққа шығарылатын өнімдерді реинжинирингтеу мерзімдерін бақылауы туралы баяндады. Медициналық бұйымдар номенклатурасының жобасы әзірленуде.

Бұл мәселелерді шешу үшін бизнес бірқатар бастамаларды ұсынып отыр. Оның ішінде отандық инвестор мәртебесін енгізу, мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті қолдау, сатып алуды оңтайландыру және фармацевтикалық және медициналық өнімдер нарығына шығу тетіктерін жеңілдету және т.б. Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері өз тарапынан мәселелерді егжей-тегжейлі зерделеу үшін нақты бағыттар бойынша қосымша кеңестер өткізуді ұсынды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер