astana-view

ҰКП өкілдері Берлинде тиімді энергиялық құрылыстың үздік тәжірибелерімен танысты

2025 жылғы 11 Сәуір
2263 просмотров

Қазақстандық делегация өкілдері ғимараттарды жобалауда, салуда және энергия тиімділігіне қатысты тәжірибе алмасу мақсатында Германияға барды. Оқыту семинарын Қазақстан–Германия энергетикалық диалогы аясында Dena Неміс энергетикалық агенттігі ұйымдастырды. Берлин қаласына іскерлік сапар 2025 жылғы 1-5 сәуір аралығында өтті.

Делегация құрамына «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары, «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасының Құрылыс және ТКШ комитетінің төрағасы мен мүшелері, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, Құрылыс істері және ТКШ комитетінің өкілдері, құрылыс саласындағы бейінді қауымдастықтар, сараптамалық ұйымдар палатасының басшылары мен мүшелері енді.

Қазақстандық тарап Германияның энергия тиімді құрылысқа жүйелі тәсілдер, нормативтік-құқықтық база, декарбонизация стратегиясы, қаржылық қолдау тетіктерімен және ғимараттарды жаңғыртудың нақты мысалдарымен танысты. Неміс министрліктері, агенттіктері, сәулет және инженерлік палаталары, сондай-ақ жетекші жобалау бюроларының өкілдерімен тәжірибе алмасу құрылыс саласындағы заманауи тенденциялар мен стандарттар туралы тұтас түсінік алуға мүмкіндік берді.

«Тұрақты және энергия тиімді құрылыс қағидаттары табысты іске асырылған объектілерге бару қатысушыларға іс жүзінде цифрлық құралдардың (соның ішінде BIM) жұмысын көруге, заманауи технологиялар мен материалдарды қолдануға, сондай-ақ экологиялық және әлеуметтік факторларды ескере отырып, құрылыс процестерін ұйымдастыруға мүмкіндік берді. Бұл білім жаңа жобаларда да, қолданыстағы тұрғын үй қорын жаңғырту аясында да қазақстандық жағдайларға тікелей бейімделуі мүмкін», - деп атап өтті «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Назира Үсенова.

Қатысушылар Германия мен ЕО-дағы ғимараттардың құрылыс қызметі мен энергия тиімділігін реттейтін нормативтік актілермен танысты. Бұл элементтер құрылыс саласындағы қазақстандық заңнаманы одан әрі үйлестіру және жаңғырту, ғимараттардың энергия тиімділігі бойынша неғұрлым қатаң талаптарды енгізу, құрылыста BIM және цифрландыруды енгізуді қолдау, мамандарды кәсіптік даярлау және сертификаттау жүйесін дамыту бөлігінде негізгі рөлге ие.

«Менің Германияға сапарымның мақсаты – құрылыс саласының мамандарын сертификаттау бойынша практикалық тәжірибе алу болды. Елдегі құрылыс компаниялары жер бойынша қоғамдық бірлестіктерге біріктірілгенін, содан кейін олар бірыңғай федералды палаталарды құратынын атап өткім келді. Бір қызығы, мемлекет құрылысшылардың федералды және жер палаталарымен тікелей ынтымақтасады және бизнес өкілдерінің пікірін ескерусіз бірде-бір заңнамалық шешім қабылданбайды», - деді «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасының Құрылыс және ТКШ комитетінің төрағасы Ирина Манжанова.

Диалог аясында семинарға қатысушылар сәулетшілер мен инженерлердің біліктілігін арттыру, оқыту және сертификаттау бойынша неміс жүйесімен танысты. Бұдан бөлек, Берлин сәулетшілер палатасы, Германия астанасының сәулетшілері, қала жоспарлаушылары және ландшафт сәулетшілері мен Германияның Федералды штаттарының инженерлік палаталары, ұлттық және халықаралық деңгейде инженерлік қоғамдастықтың мүдделерін білдіретін федералды инженерлік Палатаның қызметімен де танысты.

«Германияның зерттеу тәжірибесі кездейсоқ таңдалған жоқ. Біз Қазақстанда енгізуге дайын көптеген пайдалы құралдарды білдік. Еліміз 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуге ниетті. Бұл өнеркәсіптік және құрылыс секторларының алдында тұрған күрделі міндет. Әрине, мемлекеттік ынталандыру шаралары ғимараттарды жаңартуға арналған субсидиялар мен несиелер және тұрақты технологияларға, көміртегі ізін азайтуға инвестиция салатын бизнес үшін қаржылық көмектің басқа түрлері бар. Мұның бәрі мультипликативті әсер береді», - деп атап өтті «Qazproperty»  коммерциялық жылжымайтын мүлік нарығына қатысушылар қауымдастығының төрағасы Константин Глушко.

Сақтандыру компаниясының өкілдерінен құрылыстағы қолданыстағы сақтандыру жүйесі, Германиядағы сәулетшілер мен инженерлердің кәсіби жауапкершілігі туралы ақпарат пайдалы болды.

Берлиннің өнеркәсіптік аудандарының біріндегі ескі нысандарды жаңартып, оларды заманауи кеңсе ғимараттары мен қоғамдық нысандарға айналдырған EUREF сәулет-инженерлік компаниясының кампусына экскурсия үлкен қызығушылық тудырды.

Сонымен қатар, делегация Берлиннің тұрғын үй ауданында болып, 1960-1970 жылдары жаппай салынған панельдік үйлерді жаңарту және энергетикалық жаңғырту бойынша ауқымды іс-шаралар жүзеге асырылды.

Қазақстандық делегация неміс спикерлерінің жоғары деңгейі мен кәсібилігін атап өтіп, одан әрі ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді. Ұйымдастырушылар өз кезегінде Қазақстанның энергия тиімді құрылыс, ғимараттарды жобалау және жаңғырту саласындағы үлкен әлеуетін атап өтті.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер