Түркістанда жобалаушылармен ашық кездесу өтті
Түркістан облысында жобалаушы компаниялардың қатысуымен «Жобалаушы компаниялардың кейбір проблемалық мәселелері» атты кездесу ұйымдастырылды. Шараны Кәсіпкерлер палатасы мен «Қазақстанның жобалаушылары республикалық бірлестігі» бірлесе өткізді. Модератор ретінде облыстық палата басшысының м.а. Бахытжан Құралбаев сөз жүргізді.
Басқосуда жобалау және құрылыс саласындағы өзекті түйткілдер, жаңа Құрылыс кодексі, ӘҚБтК-ге ұсынылған өзгерістер, сондай-ақ «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заң аясындағы талаптар кеңінен талқыланды.
Бисарова Мюаш – бірлестік төрағасының орынбасары – жобалаушылардың бүгінгі мәселелерін атап өтіп, оларды шешудің жолдарын ұсынды.
Сонымен қатар, Түркістан қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының орынбасары Еркебұлан Қалдыбаев қалаға арналған жаңа Дизайн код жобасын таныстырды. Жоба тарихи мұра мен заманауи стандартты үйлестіре отырып, қала келбетін бірыңғай стильде қалыптастыруға бағытталған.
Кездесу соңында қатысушылар ашық сұрақ-жауап форматында пікір алмасып, саланың даму жолдарын бірлесе қарастырды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: