astana-view

ТМД елдерімен тауар айналымы 33 млрд долларға жетті

2014 жылғы 19 Мамыр
3500 просмотров

ТМД елдерiмен мемлекетiмiздiң тауар айналымы 33 млрд долларды құрайды. Бұл туралы бүгiн ОКҚ брифингiнде ҚР ЭБЖМ Сыртқы сауда қызметi департаментi директорының мiндетiн атқарушы Әлия Әлiмбетова мәлiмдедi, деп хабарлайды Bnews.kz тiлшiсi.

«Бiз ТМД аясында 2011 жылы қол қойылған жаңа келiсiмшарт бойынша жұмыс жасаймыз. Мемлекетiмiздiң ТМД елдерiмен тауар айналымы 33 млрд долларға ұлғайды. Ол елiмiздiң жалпы тауар айналымының 25 пайызына тең. Жаңа келiсiмшартты Бүкiләлемдiк сауда ұйымының талаптарына сәйкестендiрдiк және өзiмiз үшiн тауарды ТМД елдерiне шығарған кезде экспорттық кедендiк салықты қолдану құқығын сақтап қалдық. 1994 жылы қабылданған келiсiмшартта ондай құқығымыз болған жоқ, жаңа келiсiмшарт осымен ерекшеленедi. Ол кездерi бiз өзiмiздң шикiзатты экспорттық кедендiк салықсыз жеткiзетiнбiз», - дейдi Ә.Әлiмбетова.

«Еуразияның жүрегiнде орналасқан Қазақстан үшiн барлық ықпалдастық үрдiстерге қатысу өте маңызды. Бiз қазір осы бағытта жұмыс iстеп жатырмыз. Өздерiңiзге белгiлi, Қазақстан 2010 жылдан бастап Кедендiк Одаққа мүше. Сол кезеңнен бастап бiз сыртықы сауда саясатында бiрыңғай шараларды ұстанамыз. Атап айтар болсақ, бiрыңғай кедендiк тариф және бiрыңғай тарифтiк емес реттеу. Осы үрдiсте бiз өзiмiздiң мүддемiздi және бизнесiмiздi қорғауымыз қажет. Бiз бұл бағытта да жұмыс жасап жатырмыз", - деп қорытындылады ол өз сөзін.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер