astana-view

Кеден салығының артуы тауар бағасына әсер етпейді

2014 жылғы 19 Мамыр
3776 просмотров

Кеден салығының артуы тауар бағасының қымбаттауына әкеп соқтырмайды. Бұл туралы Bnews.kz тiлшiсiне «Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ бас директоры Руслан Сұлтанов мәлiмдедi.

«Азық-түлік тауарларының 78 пайызы ТМД елдерінен импортталады. Кедендік баж салығының артуы оның құнына ешқандай әсер етпейді. Оның үстіне, тауарлардың негізгі тобы бойынша салық 2010 жылы қымбаттаған еді. Ал азық-түлік тауарларының бағасы жыл сайын өсуде. Ресей Дүниежүзілік сауда ұйымына кіргеннен бастап, бізде кедендік баж салығын кезең-кезеңмен төмендету бойынша жоспар бар. Жыл сайын төмендетіп келеміз де», - деді Р.Сұлтанов. 

«Біз халық тұтынатын тауарларға, азық-түлік тауарларына кедендік салықты төмендетудеміз. Алайда оның бағасы өсіп келеді. Ол әлемдік жағдаймен, экономиканың дамуымен, жалақының өсуімен байланысты. Бұның бәрі тауардың өзіндік құнына әсер етеді. Осыған байланысты, кедендік салықтың артуы тауар бағасының қымбаттауына әкелмейді», - деп толықтырды ол.

Сонымен қатар «Сауда саясатын дамыту орталығының» басшысы кедендік салықтардың артуына қарамастан үшінші елдерден келетін тұрмыстық техниканың бағасы қымбаттамайтындығын, оның үстіне импорттың артып жатқанын да тілге тиек етті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер