astana-view

Қазақстандағы Hyundai зауыты 2014 жылы Кеден одағы елдерiне 11 мың көлiк пен автобус экспорттамақ

2014 жылғы 19 Мамыр
3672 просмотров

Қазақстандағы Hyundai зауыты 2014 жылы Кеден одағы елдерiне 11 мың көлiк пен автобус экспорттауды жоспарлауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы бүгiн ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде ҚР Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi "Сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ басшысы Руслан Сұлтанов мәлiм еттi.

"2013 жылы Hyundai Auto Trans алдыңғы жылдың көрсеткiшiн 22 пайызға арттырып, Беларуське автотехниканың 318 бiрлiгiн экспорттады. Ал 2014 жылдың жоспарлы мақсаты 11 мың жеңiл, жүк автокөлiктерi мен автобустарды экспорттау", - дедi ол.

Оның айтуынша, ықпалдастық - елдiң үдемелi индустрияландыру саясатына үлкен серпiн берiп отыр. "Оның iрi мультипликативтi әсерi бар, соның iшiнде Қазақстан үшiн мүлде жаңа фармөнеркәсiбi, автокөлiк құрастыру сияқты салаларында жаңа кәсiпорындар ашылып жатыр", - деп түйдi сөзiн Р. Сұлтанов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер