astana-view

Мал шаруашылығы курсының түлектеріне сертификаттар табысталды

2025 жылғы 06 Мамыр
- Ұлытау облысы
134 просмотров

Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасында «Мал шаруашылығы» оқу бағдарламасы сәтті аяқталып, қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.


Салтанатты рәсімге Кәсіпкерлікті және сауданы дамыту, АҚ, ТЖ және туризмді дамыту, сыртқы экономикалық байланыстар бөлімінің басшысы Нұржан Сағындық Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Маржан Жауен және Шағын және орта бизнесті дамыту бөлімінің басшысы Шолпан Қасымова қатысты. Олар түлектерді құттықтап, алған білімдерін іс жүзінде қолдануға сәттілік тіледі.
Курс жетекшісі Гүлназ Омарова оқытудың Ұлытау облысы әкімдігі мен кәсіпкерлік басқармасының қолдауымен ұйымдастырылғанын атап өтті. Түлектер алған білімдерін тәжірибеде қолдануға дайын екендіктерін білдірді
Айта кетейік, бұл оқу бағдарламасы «Мен кәсіпкер» ұлттық жобасы аясында тегін өткізілді. Бұл Ұлытау облысы әкімдігі мен кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының қолдауының арқасында мүмкін болды.
Бағдарлама кәсіпкерлердің кәсіби біліктілігін арттыруға және ауыл шаруашылығы саласында жаңа мүмкіндіктер ашуға бағытталған.


 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер