astana-view

Маңғыстау облысында екінші деңгейлі банк өкілдерімен кездесу өткізілді

2025 жылғы 22 Мамыр
- Маңғыстау облысы
272 просмотров

2025 жылдың 22 мамырында Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасы алаңында Палата директоры Рашит Тұранұлы Мұстапаевтың төрағалығымен екінші деңгейлі банк басшыларымен жұмыс кездесуі өткізілді.
Кездесудің мақсаты – кәсіпкерлерді толғандыратын өзекті мәселелерді талқылау және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2023 жылғы 19 сәуірде елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған кеңесінде берілген тапсырмасын іске асыру аясында «Атамекен» ҰКП әзірлеген Интерактивті инвестициялық картаның мүмкіндіктерімен таныстыру.
Интерактивті инвестициялық карта – инвестициялық жобаларды іске асырудың ашықтығын арттыруға, туындайтын тәуекелдерге жедел әрекет етуге және бизнес пен мемлекеттік органдар арасындағы коммуникацияны жақсартуға арналған құрал. Аталған карта екі негізгі функцияны біріктіреді: инвестициялық жобалардың орындалу барысын аралық бақылау арқылы қадағалау және өңірлік әрі республикалық деңгейде ШОБ дамуының негізгі көрсеткіштеріне мониторинг жасау.
Кездесу барысында қатысушыларға картаның функционалы таныстырылып, банк өкілдері тарапынан оң пікірге ие болды. Талқылау қорытындысы бойынша инвестициялық картаны өзекті жобалармен толықтыру бағытында бірлесіп жұмыс жүргізу жөнінде келсімге қол жеткізілді. Әр банк мекемесі бұл жұмысқа жауапты қызметкерді тағайындайды.
Интерактивті инвестициялық картаны толықтыру бойынша бірлескен жұмыс — бизнеске бағытталған, цифрлық және ашық инвестициялық ортаны қалыптастыру жолындағы маңызды қадам!


Еншілес ұйымдар

Серіктестер