Павлодарлық аграршыларға «ҚазАгроҚаржы» АҚ «Атамекен» палатасында техника сатып алуға лизингке өтінім беруді үйретеді
22 тамыз күні сағат 11:00-де Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының алаңында «ҚАЗАГРОФИНАНС» АҚ өңірдің ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне арналған оқыту өткізуді жоспарлап отыр.
Ауыл шаруашылығы техникасын лизингке алу үшін қаржыландыруға өтінім беру мен қарастырудың автоматтандырылған процесін енгізуге байланысты агроөнеркәсіптік кешен субъектілері уақытты үнемдеу және ыңғайлылық үшін қоғамның ресми сайтында өтінім бере алады: https://online.kaf.kz/
Іс-шараның мақсаты – инновациялық қаржыландыру бағдарламаларын жедел енгізу:
• жеңілдетілген лизинг 6 %,
• жеңілдетілген лизинг 5 %,
• «Қазақстанда жасалған»,
• агролизинг.
Оқыту мына мекенжайда өтеді: Лугова көшесі, 16, 3-қабат, Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасы, 316-кабинет (конференц-зал).
Сонымен қатар zoom платформасында онлайн қатысуға болады: https://us06web.zoom.us/j/6533991696?pwd=tR5SNHaVwmIya2QvhWvjBoYH2Ua0AP.1&omn=86739805119
Конференция идентификаторы: 653 399 1696
Кіру коды: AJgM4p
Пікір қалдыру:
Пікірлер: