astana-view

2025 жылға арналған «Іскерлік байланыстар» және Partnering in Business with Germany бағдарламаларына қатысуға өтінімдер қабылдау жалғасуда!

2025 жылғы 28 Тамыз
- Алматы облысы
5172 просмотров

Бағдарлама Қазақстандағы шағын және орта бизнес басшыларына Германия нарығымен танысуға, іскерлік байланыстар орнатуға және неміс компанияларымен ұзақ мерзімді әріптестік құруға мүмкіндік береді.

Құжаттарды қабылдау 2024 жылғы 2 желтоқсаннан 17 желтоқсанға дейін жүргізіледі.
Өтінімдер Өңірлік кәсіпкерлер палаталары арқылы қабылданады.

2025 жылға өтінім қабылдау мына салаларда жұмыс істейтін компания басшыларына жүргізіледі:
«Жасыл технологиялар»;
өнеркәсіп;
ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі;
медицина;
экономиканың басқа салалары.

Қатысушыларға қойылатын талаптар: 

ШОБ субъектілерінің жоғарғы буын басшылары болуы;
Орташа жылдық табысы кемінде 10 000 (он мың) АЕК болуы (құжатпен расталады).

Толық ақпарат алу үшін Өңірлік кәсіпкерлер палаталарына немесе 1432 нөміріне (қоңырау шалу тегін) хабарласуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер