astana-view

Абылай Мырзахметов: «Бізде кәсіпкерлерді өнеркәсіп салалары бойынша қорғаудың нақты жоспары бар»

2014 жылғы 20 Мамыр
7048 просмотров

Ұлттық палата КО аясында кәсіпкерлерге кездесетін проблемалар мо­ни­то­рингін жүргізуде.

Оның айтуынша, Ұлттық ­па­ла­та кәсіпкерлерге КО аясында кездесетін проблемалар мо­ни­то­рингін жүргізуде.

«Әрине, салық органдары арасында ақпаратты электронды түрде алмасу мәселесі де бар. Бұл эво­лю­ци­ялық про­цесс. Дегенмен бастысы біз алдыға жылжып келеміз, нарыққа ие болудамыз, сонымен қатар қатаң бәсекеге де жолығысып қаламыз. Бұл төрешілдікке де, бизнеске де тасталған үндеу – және де бұл үндеуге жауап қату керек!», - деп мәлімдеді Абы­лай Мыр­за­хме­тов.

Және де бизнесте әлі де туындап жатқан барлық сауалдар бойынша Ұлттық палата өндірістің әрбір саласы бойынша қорғаныс жоспарының нақты жоспарын дайындағанын баса айтты.

«Сонымен қатар, бізде артықшылықтар бар. Көптеген шетелдік және тіпті ресейлік компаниялар біздің заңи құзыретіміз бизнесті жүргізу үшін ең үздіктердің бірі екендігін атап көрсетеді. Ресейге қатысты қазірде айтылып жүрген  санк­ция жағдайында, бұл бизнесті дәл бізде ашып, кейін келе Қазақстан арқылы Ресейге бару үшін инвесторға берілген белгі», - деп қосты Абылай Мыр­за­хме­тов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер