astana-view

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасында Жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы әрекет жасау жөніндегі кеңестің 1-отырысы өтті

2014 жылғы 19 Мамыр
7227 просмотров

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанындағы Жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы әрекет жасау жөніндегі кеңес 1 отырысын өткізді.

Кеңестің отырысында Кеңестің Төрағасы, ҚР ҰКП Төралқасының мүшесі, Парламент Мәжілісінің депутаты, «Ақ Жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев сөз сөйледі.

Ол Кеңес қызметінің мақсаттары мен міндеттерін анықтады, сондай-ақ корпоративтік жемқорлық, жеке меншікті қорғау, тауарлық биржалар, мұнайды бақылау мәселелері, лоббизмді, бақылау функцияларын автоматтандыру, business judgement rule қағидаларын енгізу және т.с.с. бағыттар бойынша алда тұрған жұмыстарды таныстырды.

Сонымен қатар, Кеңес қызметінің аясында ұлттық заңнамаға жемқорлық пен көлеңкелі экономикаға қарсы әрекет жасау бойынша халықаралық тәжірибені зерделеу және енгізу топшыланып отыр, халықаралық және шетелдің қоғамдық ұйымдармен, ірі бизнес-қоғамдастықтармен әріптестік жөнге салынатын болады.

Отырыста қарастырылған екінші мәселе ҚР Қорғаныс министрілігінің өкілетті ұйымдары өткізетін сатып алулардағы ашықтықтың жоқтығы мәселесі болды, осыған орай отандық өндірушілер – жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары – бірқатар проблемаларға тап болып жатады.

Оларға қорғаныс тапсырысын орындау үшін жеңіл өнеркәсіптің отандық кәсіпорындарының Тізбесін қалыптастыруда, отандық өндірушілер болып табылмайтын компаниялар арасында мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орналастыруда ашықтықтың жоқтығы да жатады.

Заттай мүліктік қамсыздандыру жағынан мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орналастыру тәртібін енгізу үшін ҚР заңнамасына өзгерістер енгізу жеке кәсіпкерлік мүддесінің үлкен бөлігін қорғауға мүмкіндік береді, сондай-ақ өңдеуші өнеркәсіпті қолдау бойынша жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламаларды табыспен жүргізуге көмектеседі.

Одан әрі «СТ-KZ» формасының заңсыз сертификаттарының айналымының проблемалы мәселелері қарастырылды. Кәсіпкерлердің өтініштері бойынша «СТ-KZ» формасы бойынша сертификаттары бар кәсіпорындардың тауарды қайта өңдеуді үнемі жеткілікті түрде жүзеге асыра бермейтіндігі туралы куәландыратын деректер анықталған, берілген сертификаттар тауардағы қазақстандық мазмұнның шынайылығын көрсетпейді, бұл арамза бәсекелестікті байқатады және осының салдарынан өнімді өндіруде талаптарды орындаушы отандық компанияларға деген сенімсіздікке әкеледі.

Осы мәселелерді шешу үшін, Кеңес ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің алдында «СТ-KZ» формасы бойынша сертификаттар берумен байланысты заңнаманы жетілдіру бойынша бірлескен іс-шаралар Жоспарын қарастыруға бастама көтеру шешімі қабылданды.

Сонымен қатар, Кеңес Қазақстандағы деофшорлау проблемасы қарастырылды. Бірқатар қазақстандық БАҚ мәліметтері бойынша, халықаралық сарапшылар Қазақстаннан офшорлық аймақтарға шығарылған қаражатты 138 млрд. АҚШ долларына шағады екен. Tax Justice Network мәліметтеріне сәйкес, біздің республикамыз офшорлық аймақтарға ақша шығару бойынша көшбасында тұрған елдердің ондығына кіреді.

Жақында жүрген теңге девальвациясының себептерінің бірі деп сарапшылар осы капиталдың жылыстауын атайды.

Табысын шетелге шығаратын компаниялар мемлекеттік қолдауды, жеңілдіктерді, артықшылықтарды қолдануға тиіс емес деген ойдамыз. Оның үстіне, олар мемлекеттік бағдарламаларға және мемлекеттік тапсырыстарды алуға қатыса алмайтындай жағдай жасау қажет.

Кеңес отырысында сондай-ақ Тараз қ. IT-технология колледжін құру бойынша инновациялық жобаны жүзеге асыруға мемлекеттік қатысуға мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қарсы әрекет етуімен байланысты мәселелер де қарастырылды. Отырысқа қатысушылар Риддер қ. бюджет қаражатын жұмсауда, сонымен қатар моноқалаларды дамыту Бағдарламасы бойынша, және де «Ақтөбе рельсті-арқалық зауыты» ЖШС рельсті-арқалық зауытын сыртқы электрмен жабдықтау» құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге қызмет көрсету бойынша «Ақтөбе облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы» ММ мемлекеттік сатып алулар жүргізуде жол берген бұзуларды талқыға салды.

Отырыстың қорытындысы бойынша Кеңес бұзуларды жою бойынша және лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту шаралары туралы ҚР құзыретті органдарына өтініш жасау бастамасын көтеру туралы шешім қабылдады.

Жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы әрекет жасау бойынша Кеңес – ҚР ҰКП тұрақты әрекет ететін консультациялық-кеңесуші орган екенін еске сала кетейік, ол үстіміздегі жылдың сәуір айында ҚР жемқорлық және көлеңкелі экономикаға қарсы әрекет жасау бойынша міндеттерді жедел және жүйелік шешу және осы міндеттермен байланысты проблемалы мәселелерді көпшілікке түсіндіру мақсатында құрылған.

Кеңестің құрамына Мәжіліс депутаттары, Бас прокуратура және Қазақстан Республикасының экономикалық және жемқорлық қылмысқа қасы күрес жөніндегі Агенттігі (қаржы полициясы), Қаржы министрлігінің басшылары, қоғамдық бірлестіктер және БАҚ өкілдері кіреді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер