astana-view

Павлодарлық «Атамекен» палатасы Қазақстан Республикасының тауар өндірушілерінің жаңа тізіліміне көшу жөніндегі ұсыныстарды жинауда

2025 жылғы 11 Қараша
- Павлодар облысы
273 просмотров

«Атамекен» Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасында өнеркәсіп, құрылыс және ТКШ салалық кеңесі мен қайта өңдеу және экспорт салалық кеңесінің бірлескен отырысы өтті. Отырысты өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Әбенов жүргізді.

Кездесу барысында қатысушылар қазақстандық тауар өндірушілердің жаңа тізіліміне көшуге дайындық мәселесін талқылады. 22 қазанда «Атамекен» ҰКП президиумы жанындағы өңдеуші өнеркәсіп комитеті мен машина жасау және металл өңдеу комитетінің бірлескен отырысы өтіп, онда осы процеске дайындық қаралған болатын. Сол күні барлық өңірлік кәсіпкерлер палаталарына салалық кеңестер мүшелерімен және өңірлердегі барлық мүдделі кәсіпкерлермен осындай кездесулер өткізу жөнінде хаттамалық тапсырма берілді.

«Негізгі әзірлеуші орган – Қазақстанның Индустрия және құрылыс министрлігі, ал Ұлттық кәсіпкерлер палатасының орталық аппараты жанындағы екі комитет бұл ведомствоға бизнес атынан ұсыныстар енгізуге дайын», – деді Павлодар өңірлік «Атамекен» палатасының директоры Ерқанат Әбенов.

Жаңа отандық тауар өндірушілер тізіліміне көшу бойынша бизнес өкілдерінің ұсыныстары осы кездесуде жиналды. Мысалы, кәсіпкер Сергей Барт («Derfolg» ЖШС) кейбір өнім түрлерін құрастыру кезінде қазақстандық қамту үлесін төмендету мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Себебі, қазақстандық өнім өндіру кезінде пайдаланылатын шикізат пен кейбір құрамдас бөлшектер елімізде өндірілмейді. Ал бұл үлес отандық тауар өндірушілер тізіліміне компанияларды енгізу талаптарында көрсетілген.
«ТПБ Агромир» ЖШС директоры Галина Поплавец бірнеше ұсыныс айтты. Атап айтқанда, ол кәсіпкер өз бизнес субъектісін аталған тізілімге енгізуге өтінім берген кезде кәсіпорынның өндірістік қуаттылығын өз сөзімен емес, кәсіпорынның жабдықтары мен техникасының саны мен сипаттамаларын ескере отырып жасалған нақты есеп-қисап негізінде көрсетуі қажет екенін атап өтті. Кездесуде өзге де ұсыныстар айтылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер