astana-view

ҚР ҰКП сарапшылары «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы арқылы Кеден одағының транзиттік дәлізін дамытуды талқылауға қатысты

2014 жылғы 20 Мамыр
7745 просмотров

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» АҚ ұйымдастырған «дөңгелек үстел» отырысына қатысты.

Бұл «дөңгелек үстелдің» мақсаты «Қорғас» ШЫХО арқылы Кеден одағының транзиттік дәлізін дамытуға әсер ететін мәселелер талқыланды.

«Дөңгелек үстел» жұмысына сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік органдарының – ҚР ҰҚК Шекара қызметі, ҚР ҚМ Кедендік бақылау комитеті, ҚР ІІМ, ҚР Көлік және коммуникация министрлігі, Кеден одағы және Еуропалық одақ елдері бизнесінің өкілдері қатысты.

Өткізілген «дөңгелек үстел» қорытындылары бойынша сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты тереңдету, шекара маңы саудасын және екі елдің шекаралас аумақтарының экономикасын дамыту, халықтың түрлі қабаттары сұранысын қанағаттандыратын нарықтың тауармен молығуы бойынша бұдан арғы жұмыстарды жүргізе беруге шешім қабылданды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер