astana-view

Ұлттық кәсіпкерлер палатасында тариф белгілеу мәселелері талқыланды

2014 жылғы 21 Мамыр
6662 просмотров

2014 жылдың 19 мамырында ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасында Қазақстан Республикасы Табиғи монополия саласындағы тарифтік саясат жөніндегі 2014-2020 жж. арналған бағдарлама жобасын талқылау бойынша бейне конференция форматындағы кеңес өтті.

Дөңгелек үстел қатысушылары Қазақстан Республикасы Табиғи монополия саласындағы тарифтік саясат жөніндегі 2014-2020 жж. арналған бағдарлама жобасына (бұдан әрі – Бағдарлама жобасы) ҰКП мүшелерінің ескертулері мен ұсыныстарын талқылады.

Бағдарлама жобасын талқылауға ТМРА, ЭБЖМ, ҚР ҰКП Құрылымдық комитеттерінің қауымдастықтары мен хатшылықтарының өкілдері қатысты.

Осы мәселе бойынша жұмыстың жалғасы ретінде кеңеске қатысушылар Бағдарлама жобасы бойынша ескертулер мен ұсыныстарын Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жолдайтын болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер