astana-view

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы "Север Птица" АҚ 34 млн теңге көлеміндегі негізсіз айыппұлдан қорғап қалды

2014 жылғы 20 Мамыр
7006 просмотров

ҚР ҰКП Кәсіпкерлерді қорғау жөніндегі кеңесі және Құқықтық қорғау департаменті «Север Птица» Акционерлік қоғамынан ҚР Бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі тарапынан кәсіпорынға негізсіз айыппұл салынғаны туралы арыз келіп түкен соң, ҚР Бас прокуратурасында жұмыс кездесулерін ұйымдастырып, осы жағдайды жағымды жағына шешу үшін консультациялық көмек көрсетті. Осының нәтижесінде «Север Птица» АҚ негізсіз айыппұлдан босатылды.

Өз бизнесі үшін жағымды нәтижеге қол жеткізген «Север Птица»  АҚ бас директоры Мякотин К.В. ҰКП-ға алғыс хат жолдапты, онда Палатамен әрекеттестіктің нәтижесіне қанағаттанғанын және болашақта да әріптестік жасауға ниетін білдірген.

«Север Птица» АҚ біздің кәсіпорнымызды монополияға қарсы органдар (ҚР Бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі) тарапынан  әкімшілік жауапкершілікке негізсіз тартылуы туралы мәселені шешуде көрсеткен жәрдем үшін өз құрметі мен ризашылығын білдіреді.

Осы арқылы «Север Птица» АҚ Қостанай облыстық сотының шешімімен құқық бұзушылықтың маңызы аздығынан әкімшілік жауапкершіліктен босатылды және бұрындары салынған 34 млн теңге көлеміндегі айыппұл алынып тасталды.

Біздің кәсіпорынның әкімшілік жауапкершіліктен босатылуы, сонымен қатар, ҚР ҰКП Кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесі мен ҚР ҰКП Кәсіпкерлерді құқықтық қорғау департаментінің тарапынан болған көмектің арқасында жүзеге асты. Жағдай тиісті тұрғыдан зерттеліп, қажет шаралар қолданылды: ҚР Бас прокуратурасында жұмыс кездесулері ұйымдастырылды, қажет консультациялық құқықтық қолдау көрсетілді, осы мәселенің жағымды жағына шешілуіне қажет әрекеттердің нұсқалары ұсынылды, сондай-ақ жағдайдың дамуына үнемі бақылау жүргізіліп отырды.

Жоғарыда баяндалғанды негізге ала отырып, шынымен де кәсіпкерлерге жекелеген мемлекеттік органдардың заңсыз және негізсіз қимылдарынан шынайы көмек көрсететін Қазақстан Республикасының Ұлттық палатасына алғыс айтамыз.

ҚР ҰКП тарапынан көмек пен болашақтағы әріптестіктің нығая түсеріне сеніміміз мол»,- делінген екен «Север Птица» АҚ президенті В.Мякотиннің хатында.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер