astana-view

Ұлттық кәсіпкерлер палатасында ҚР экологиялық заңнамасын жетілдіру бойынша жұмыс тобының 1-ші отырысы өтті

2014 жылғы 20 Мамыр
7054 просмотров

Отырыс барысында кәсіпкерлік үшін жоғары әкімшілік кедергілер мен экологиялық заңнамадағы жемқорлық әлеуетін жою, экологиялық қор құру және экономикалық ынталандырудың қосымша шараларын енгізу мәселелері талқыланды.

Төлемдер жүйесі мен табиғатты пайдаланушылар жауапкершілігін қайта қарауға қатысты қоршаған ортаға келтірілген залалды қалпына келтірудің тікелей міндетін енгізу, ал салық төлемін эмиссияның іс жүзіндегі көлемі үшін эмиссияның бір еселенген мөлшерлемесі бойынша төлету ұсынылды.

Сонымен қатар ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін басқа да субъектілермен бірге әкімшілік айыппұл орнату және жергілікті органдардың эмиссия үшін төлем мөлшерлемесін көтеру құқығын шектеу ұсынылды.

Күн тәртібінде экологиялық қор құру мәселесі қарастырылды, онда экологиялық құқық бұзушылықтар үшін аударымдар жолдау ұсынылды. Алынған қаражат тек қана табиғатты қалпына келтіру және табиғатты қорғау іс-шараларына жұмсалатын болады. 

Жұмыс тобы бір аймаққа мемлекеттік экологиялық сараптама және ЭЭР беру сатыларын бір процедураға біріктіріп,  сондай-ақ рұқсат алу үшін «бір терезе» қағидасын енгізіп, эмиссияға экологиялық рұқсатқа әкімгерлік етуді оңтайландыруды ұсынды. Бұл экологиялық рұқсат беру процесіне әкімшілік жүктемені және жемқорлықты төмендетуге мүмкіндік береді.

Жұмыс тобы ұсынған шаралар кәсіпкерлердің заңнамалық нормаларды ретке келтіруіне көмектеседі және кәсіпорындардың қаражатты табиғатты қорғау іс-шараларына және жетекші экологиялық технологияларды сатып алуына жұмсауына түрткі болады деп топшылануда.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер