astana-view

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының арқасында бизнестің көптеген жобалары Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарт жобасына енді

2014 жылғы 22 Мамыр
6749 просмотров

Бизнес ұсыныстарының басым көпшілігі қазақстандық келіссөздер тобының ресми ұстанымына айналды және Еуразиялық экономикалық одақты құру туралы Шарт жобасының қорытынды жобасына енді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасының орынбасары Рахим Ошақбаев хабарлады.

ҰКП Төрағасының орынбасары құжаттың негізгі функционалдық бағыттары бойынша Палатаның жұмыс нәтижелеріне тоқтала кетті.

Сонымен, көлікке қатысты каботажды тасымалдауларға шектеулер алынып тасталды, қалыптан тыс тарифтерді берудің Бірыңғай ережелері алынып тасталды, темір жол тасымалдарына транзиттік тарифтерді бірегейлендіру және көлік қызметтерінің жалпы нарығын қалыптастыру мәселесі алынып тасталды.

Өнеркәсіпте тәуелсіз өнеркәсіптік саясатты жүргізудің мүмкіншілігі нақты белгіленген және спецификалық субсидияларды келістіру қажеттігі алынып тасталды, сондай‑ақ өнеркәсіптік құрастыру туралы мәселе алып тастау тізбесіне енгізілді.

Арнайы субсидияларды келістіру қажеттігін алып тастаудың бизнестің Мемлекеттік үдемелі индустриалдық‑инновациялық даму бағдарламасы және «Жол картасы‑2020» сияқты барлық республикалық мемлекеттік бағдарламалар аясындағы артықшылықтарды кедергісіз пайдалануына мүмкіндік беретінін айта кету керек.

Өз кезегінде, техникалық реттеуде бірыңғай техникалық реттеу нысандарынан жобалау және құрылыс процестері алынып тасталды. Бөлімнің жаңа редакциясында өнімнің қауіпсіздігін ұлттықтың үстіндегі деңгейде де, сондай‑ақ ұлттық заңнамамен реттеуді де қолдануға жол беріледі.

Мемлекеттік сатып алуар бөлімінде алып тастау ретінде мемлкеттік сыңайлы сектордың және жер қойнауларын пайдаланушылардың сатып алуларында, мемлекеттік сатып алуларда отандық жеткізушілерді қолдау саясатын жүзеге асыру мүмкіншілігі енгізілген. Бұл алып тастаулар Қазақстан Республикасының ДСҰ‑на қосылу шарттарына сәйкес өтпелі кезеңдердің аяқталғанына дейін әрекет ететін болады.

Шарттың институционалдық бөлігінде ЕЭК шешімінің реттеушілік әсер етуін бағалауды жүргізу қажеттігі туралы талап қарастырылған, бұл кәсіпкерлік қоғамдастықтың қатысуымен құжаттарды алдын ала сараптауды міндетті жүргізу дегенді білдіреді.

Сонымен қатар, жаңа редакцияда бизнес өкілдерін консультациялық комитеттерге қосу және Одақ Сотында Шарт тараптарының мүдделерін мемлекеттік емес ұйымдардың алға тарту мүмкіндігі жайындағы ЕЭК міндеттемесі қарастырылған. Институционалдық бөліктің бұл новеллалары шешім қабылдаудағы транспаренттілікті көтеруге және оларды дайындауда кәсіпкерліктің қатысуын қамтамасыз етуге арналған.

Осылайша, Р.Ошақбаевтың айтуынша, Шарттың барлық бөлімдері бойынша Қазақстанның кәсіпкерлік қоғғамдастығының ұстанымдары дайындалды.

Жалпы, Палата Үкіметке ресми түрде 120‑дан астам ескертулер мен ұсыныстар жасады. Сонымен қатар, Үкімет Ұлттық палатаның өкілдеріне келіссөздердің өзіне қатысуға, шарттың қандай да бір баптарының редакциясын дайындауда сарапшылық деңгейде тікелей жұмыс жасауға мүмкіндік берді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер