Тимур Құлыбаев: Қазақстанда машина жасау саласын дамытудың мастер-жоспары керек. Бұл жоспар жүйелі, дұрыс, ал ең бастысы осы саланың шынайы жағдайын көрсетуі шарт
ҚР ҰКП Төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев Астанада өткен Машина жасау және металл өңдеу комитетінің жұмыс кеңесінде «елімізде машина жасауға қажетті барлық компоненттердің қолда барына қарамастан», елімізде машина жасау саласының даму қарқыны төмен екендігін атап өтті.
«Машина жасау саласы көңіл толарлық деңгейде емес. Елімізге арнап қозғалтқыштар жасамаймыз, электрмоторларын шығармаймыз, аккумуляторлар мен ірі құрастыру кәсіпорындарынан басқа ештеңе жоқ. Мамандар мәселесі бар, балқыту, қақтау, ұстахана және т.б. базалық өндіріс әлсіз. Машина жасау өндірісін жалпы көлемге жатқызамыз, алайда толымдаушылардың барлығы дерлік импорт, бұл жерде қазақстандық қосымша құн минимум. Мәселе осында», - деді Тимур Құлыбаев.
Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа басшысы Машина жасау және металл өңдеу комитетіне зерттеу мен сараптама жүргізуді, техникалық тапсырма әзірлеп, мамандар мәселесі мен базалық өндіріске көңіл аудара отырып, қазақстандық машина жасау саласын дамытудың жүйелі, дұрыс, ал ең бастысы осы саланың шынайы жағдайын көрсететін мастер-жоспар әзірлеуді тапсырды.
Осы мәселелерді шешу жолында алдымыздағы дүйсенбіден бастап Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, Өнеркәсіп комитеті, Қазақстандық индустрияны дамыту институты, Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігінен сарапшылар тобы жұмыс жасамақ.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: