astana-view

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев еліміздің өңірлеріне жоспарлаған жұмыс сапарын Қарағанды қаласынан бастады

2014 жылғы 24 Мамыр
5812 просмотров

Тимур Құлыбаев  үстіміздегі жылдың маусым айының соңына жоспарланып отырған Ұлттық кәсіпкерлер палатасының І Съезіне дейін еліміздің өңірлеріндегі бизнесмендермен кездеспекші.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев пен Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Әбдішев жұмыс кездесуі аясында «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағындағы бірқатар өнеркәсіп нысандарын,  атап айтқанда,  шарлы крандар өндірісімен айналысатын «БЁМЕР АРМАТУРА» ЖШС және әртүрлі мақсаттағы болат сымдар өндіруші «ТД АЗИЯ МЕТИЗ» ЖШС кәсіпорындарын аралады.

Жұмыс кездесуі аясында өңірде бизнесті дамытудағы күрделі мәселелер мен оларды оңтайлы шешу жолдарын талқылау мақсатында бизнесмендер мен салалық қауымдастықтар өкілдерінің қатысуымен жұмыс кеңесі өтті.

Сондай-ақ Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің бірінші жартыжылдықтағы жұмыс қорытындысы тыңдалды.

Өңірлік палаталардың құрылған сәттен бастап жүргізген ауқымды жұмыстары қатарында жергілікті бизнес өкілдерінің мүдделерін білдіруді қамтамасыз ету жолында аймақтық мемлекеттік органдармен өзара тығыз қарым-қатынасты орнату болды. Ал бұл өз алдына өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бірден-бір әсер етуші фактор екені сөзсіз.

«Өңірлік кәсіпкерлер палаталарына қойылып отырған басты міндет – билікпен кәсіби диалог жүргізе білуге үйрену, бизнесті толғандырып отырған және мемлекеттік органдар тарапынан шешімін табуды талап етіп отырған өзекті әрі күрделі мәселелерді талқыға қою. Өңірлермен кері байланыс орнату біз үшін өте маңызды және ӨКП осы байланысты қамтамасыз ететін болады», - деп атап өтті Тимур Құлыбаев.

Өңір басшысы сөз кезегінде Қарағанды облысы бизнесмендердің  белсенді жайғасымы, қарқынды дамуы тұрғысынан ерекшенетіндігін, сондай-ақ Өңірлік кәсіпкерлер палатасымен қалыптасқан тығыз өзара әрекеттестік  басты салаларды дамытуда ортақ тәсілдемелер әзірлеуге және еліміздің Президенті қойған міндеттерді неғұрлым тиімді орындауға мүмкіндік жасайтынын баса айтты.

«Өңірлік кәсіпкерлер  палаталарында  - Бірыңғай экономикалық кеңістік және  еліміздің ДСҰ кіруінен бастап әр кәсіпкердің жеке мәселелеріне дейін   барлық маңызды мәселелер қарастырылуда. Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен орнатылған өзара әрекеттестік Мемлекет басшысы қойған міндеттерді орындауға, Қарағанды өңірін әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа деңгейіне шығаруға мүмкіндік жасайды деп санаймын», -  деді Бауыржан Әбдішев. 

Кәсіпкерлер палатасы  ҮИИД жөніндегі өңірлік Үйлестіру комиссиясы, әкімшілік кедергілерді азайту жөніндегі комиссия, сондай-ақ бизнес мүддесін көздейтін салалық комиссиялар құрамында ұсынылған.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер