astana-view

ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаевтың қатысуымен өткен жиналыста саланың бірінші кезекті міндеттері белгіленді

2014 жылғы 23 Мамыр
5785 просмотров

Астанада Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының Төрағасы Тимур Құлыбаевтың қатысуымен өткен Тау‑кен және металлургия өнеркәсібі комитетінің жұмыс жиналысында саланың жуық арада орындалуға тиіс негізгі міндеттері белгіленді.

Жиналысқа қатысушылар қазақстандық тау‑кен‑металлургия кешенінің (ТМК) бұрынғы қуатын қайтарудың маңыздылығы мен қажеттігін атап өтті. Ол үшін бірнеше бағыттар анықталды, олар –  геологиялық барлау, Жер қойнаулары туралы кодекс, МҮИИД бағдарламасына қатысу, экологиялық кодекс және кадрларды даярлау. Қазақстанның ТМК дамытудың ұзақ мерзімдік бағдарламасында дәл осы басымдылықтар анықталған.

«Тәуелсіздік таңы атқанда так‑кен кешенінің кәсіпорындары біздің экономикамыздың негізін құрады. Мұнай‑газ секторы екінші рольді алса да, инвесторлардың арқасында бұл сектор экономиканың көшбасшысына айналды. Тау‑кен секторында және металлургияда да дәл осы оқиға орын алуға тиіс -  өнеркәсіптік алыптардың біздің кәсіпорындарды инвестициялауы қажет.  Қазцинк, ArcelorMittal, Қазақмыс, ENRC, KSP Steel сияқты ірі компаниялар айналасында кластерлер құруға болады. Қазақстанда айтарлықтай басымдылық бар, ол – шикізат және арзан энергия – бизнесті дамыту үшін маңызды құрамдас», - деп атап кетті Тимур Құлыбаев.

Ол сондай‑ақ дайын өнімнің өндірісі мен экспортын жөнге салу керектігін баса айтты.

«Мемлекет пен бизнестің күш‑қуатын тау‑кен шикізатын қайта балқытуды дамытуға жұмылдыру керек. Барлық алғашқы металдар: цинк, мыс, хром, темір кенін өзімізде өндіреміз, ал дайын өнімді, тіпті құрылыс арматурасына дейін, іс жүзінде, басқа елдерден импорттаймыз», - деген деректі белгілеп кетті Ұлттық палата Төралғасының басшысы.

Жиналыста аталып кеткендей, саладағы жағдаятты әрбір жобаға ақылға сала отырып келіп, мысалы, МҮИИДБ алаңын пайдалана отырып, бизнес пен мемлекеттің тығыз қауымдасуы есебінен түзетуге болады.

Төралқа Төрағасы Тау‑кен және металлургия өнеркәсібі комитетінің басшысы Николай Радостовецке ТМК жөніндегі Ведомство аралық комиссиямен бірге осы сланың барлық мәселелерін алқа болып шеше алатын орталық және сұхбат алаңына айналу үшін, басқарудың жүйесін тұрғызуды тапсырды.

«Біз Үкімет алдына проблемалық мәселелерді қоюмен шектелмей, оларды шешу жолдарын ұсынуға тиіспіз. Мен бұдан әрі де сіздердің комитеттеріңізге жетекшілік ететін боламын, себебі тау‑кен және металлургия кешенінің одан арғы табыстылығы немесе табыссыздығы оның жұмысына тәуелді болып отыр», - деп сендірді жұмыс жиналысын аяқтай келе Тимур Құлыбаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер