astana-view

Тимур Құлыбаев: Кадрларды даярлау нарық қажеттіліктеріне сәйкес жүргізілуге тиіс

2014 жылғы 29 Мамыр
4667 просмотров

Ұлттық палата Төралқасының төрағасы Тимур Құлыбаев Әлеуметтік сала және әлеуметтік әріптестік комитетінің жұмыс жиналысында ел үшін білім беру, кадрларды даярлау және қайта даярлау мәселелерін талқылау кезінде осындай мәлімдеме жасады. 

Қазақстандық білім беруде тәртіп орнату туралы айта келіп, ҰКП Төралқасының басшысы ең алдымен педагогикалық жоғары оқу орындарын тәртіпке келтіру керектігін атап өтті.

Ол сондай-ақ заңгерлер мен экономистер тым артып кетіп, бірқатар салаларда мамандар жетіспеушілігі кезіндегі айтарлықтай теңгерімсіздіктің мемлекет экономикасындағы салмақты проблемаларға әкелгеніне назар аударды. Тіпті басым болып келетін мұнай және құрылыс салалары білікті мамандарға деген өткір мұқтаждықты бастан кешуде.  

«Мұнай химиясы саласында мамандар жетіспейді, ал бізде олар даярланбайды. Құрылыстарға шетелдік жұмыскерлерді алып келеміз. Бұл жағдаятты мемлекеттің де, бизнестің де өзгертуі керек. Дуалды білім беру абстрактілі әңгімелер деңгейінде қалып қоймауы қажет, бұл жерде нақты және түсінікті жұмыс жоспары қажет. Кәсіпорындардың бірінде пилоттық жобаны іске қосу керек, мысалы, Астанада, өндіріске болашақ мамандарды тарта отырсақ, онда жастар тәжірибе жүзінде кәсіпті игеріп, жұмыс ұжымына ене бастайды. Және де содан соң сыналған тәжірибені барлық өңірлерде қолдана бастаймыз», - деді Тимур Құлыбаев.

Жиналыста атап өтілгендей, экономиканың салаларын және олардың кадрларға мұқтаждығын анықтап алу керек, сөйтіп, «мамандықтар картасын» жасаймыз. Білім беруді дамыту бойынша жоспарға барлық оқу орындары – кәсіптік бағдар бойынша жұмыс жүргізілетін мектептерден бастап, базасында кадрларды қайта даярлау және біліктілікті көтеру бағдарламалары дайындалатын жоғары оқу орындарына дейін енгізілуге тиіс.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер