astana-view

ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаевтың Маңғыстау облысына жұмыс сапары

2014 жылғы 31 Мамыр
5248 просмотров

Бүгін ҚР ҰКП Төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев жұмыс сапары аясында Ақтау болат құю зауытын және  Ақтау пластикалық массалар зауыты базасында битум өндірісімен айналысатын кәсіпорынды аралайды.

Кәсіпорындардың тыныс-тіршілігімен танысқаннан кейін Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасы және Өңірлік кеңес мүшелері, сондай-ақ өңір басшысы  Алик Айдарбаевтың қатысуымен облыста бизнесті жан-жақты дамыту бойынша бірқатар тақырыптарды талқылау жоспарланған. Талқылауға түсетін басты тақырыптардың бірі шағын және орта бизнеске қолайлы қажетті инфрақұрылымды қалыптастыру болмақ.

Сондай-ақ, ҚР ҰКП І Съезіне Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының ұсыныстары жете талқыланатын болады.

 

Еншілес ұйымдар

Серіктестер