astana-view

Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың кейбір ережелеріне түсініктер

2014 жылғы 30 Мамыр
7184 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасына (бұдан әрі – ҚР ҰКП) жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысының қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Беларусь Республикасы Басшылары қол қойған Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарт келіп түсті.

2014 жылдың қаңтар-наурызында белсенді талқыланған Шарт бөлімдерінің алдыңғы өзекті нұсқалары бұрындары ҚР ҰКП сайтында жарияланған болатын.

Шарт жобасын даярлау Жоспарына сәйкес, құжат  қол қою үшін қажет барлық мемлекетішілік процедуралардан өтті.

ЕАЭО туралы Шарт жобасының институционалдық бөлігінде құрылтайшылары Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы сияқты елдер болып табылатын болашақ Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) ең маңызды институттары нығайтылған.

ЕАЭО туралы Шартта ЕАЭО құру және оның құқық субъектілігі, негізгі қағидалары, мақсаттары, Одақтың құзыреттілігі мен құқығы, Одақтың халықаралық қызметі, Одақ органдары сияқты институттары қарастырылған.

Одақ органдарының жүйесі келесі түрде берілген:

Жоғары Еуразиялық кеңес – мемлекеттер Басшыларының деңгейі;

Еуразиялық үкіметаралық Кеңес – үкіметтер басшыларының деңгейі;

Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия), ол Одақтың тұрақты әрекет ететін реттеуші органы болып табылатын болады;

Еуразиялық экономикалық одақ Соты, оның негізгі функциясы мүше мемлекеттердің Шарты, Одақ аясындағы халықаралық шарттарды және Комиссия шешімдерін бірыңғай қолдануын қамтамасыз етуге бағытталған.

Сондай-ақ Кеңес мүшелері мен Комиссия Алқасының, Одақ Соты  судьяларының, Комиссия және Одақ Соты лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің оларға берілген функцияларды жүзеге асыруға және мақсаттарға жетуге қажет артықшылықтары мен иммунитеттерін реттеуші нормалар қарастырылған.

Одақ бюджетінің қалыптасу және бөліну тәртібі, Одақ органдары қызметінің қаржы-шаруашылық тексерісі және Одақ бюджеті қаражаттарын қалыптастыру, басқару және жұмсау тиімділігін, Одақ мүлкі мен басқа да активтерін пайдалану тиімділігін анықтау мақсатында сыртқы аудит жүргізу анықталады.

ЕАЭО туралы Шарт жобасының функционалдық бөлігінде ақпараттық әрекеттестік және статистика, кеден одағының функциялануы, дәрі-дәрмек құралдары және медициналық бұйымдардың айналымын реттеу, кедендік реттеу, сыртқы экономикалық саясат, техникалық реттеу, санитарлық, мал дәрігерлік-санитарлық және карантиндық фитосанитарлық шаралар, тұтынушылар құқығын қорғау, макроэкономикалық саясат, валюта саясаты, қызметтер саудасы, мекеме, инвестициялар қызметі және жүзеге асырылуы, қаржы нарықтарын реттеу, салық және салық салу, бәскелестіктің жалпы қағидалары мен ережелері, табиғи монополиялар, энергетика, көлік, мемлекеттік (муниципалдық) сатып алулар, интеллектуалдық меншік, өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен, еңбек көші-қоны, өтпелі ережелер, қорытынды ережелер сияқты ережелер қарастырылған.

ЕАЭО туралы Шартқа Қосымшалар:

Қосымша № 1. Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереже;

Қосымша № 2. Еуразиялық экономикалық одақ Сотының мәртебесі;

Қосымша № 3. Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық әрекеттестік туралы хаттама;

Қосымша № 4. Еуразиялық экономикалық одақтың ресми статистикалық ақпаратының қалыптасу және таралу тәртібі туралы хаттама;

Қосымша № 5. Әкелінетін кедендік баждардың (эквивалентті әрекетке ие өзге де баждар, салықтар және алымдардың) есептелу және бөліну, олардың мүше мемлекеттер бюджеті кірісіне аударылу тәртібі туралы хаттама;

Қосымша № 6. Бірыңғай кедендік-тарифтік реттелу туралы хаттама;

Қосымша № 7. Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттама;

Қосымша № 8. Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғаныс, демпингке қарсы және өтемдік шаралар туралы хаттама;

Қосымша № 9. Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы техникалық реттеу туралы хаттама;

Қосымша № 10. Өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету саласындағы келісілген сасатты жүргізу туралы хаттама;

Қосымша № 11. Сәйкестікті бағалау бойынша органдарды аккредиттеу бойынша жұмыстар нәтижелерін тану туралы хаттама;

Қосымша № 12. Cанитарлық, мал дәрігерлік-санитарлық және карантиндік фитосанитарлық шараларды қолдану туралы хаттама;

Қосымша № 13. Тұтынушылар құқығын қорғау саласындағы келісілген саясатты жүргізу туралы хаттама;

Қосымша № 14. Келісілген макроэкономикалық саясат жүргізу туралы хаттама;

Қосымша № 15. Келісілген валюталық саясат жүргізуге бағытталған шаралар туралы хаттама;

Қосымша № 16. Қызметтер саудасы, мекемелер, қызметтер және инвестициялар туралы хаттама;

Қосымша № 17. Қаржы қызметтері бойынша хаттама;

Қосымша № 18. Жанама салықтар төлету тәртібі және тауарлар экспорты және импорты, жұмыстар орындалуы, қызметтер көрсетілуі кезінде олардың төленуін бақылау механизмі туралы хаттама;

Қосымша № 19. Бәсекелестіктің жалпы қағидалары мен ережелері туралы хаттама;

Қосымша № 20. Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеу бірыңғай қағидалары мен ережелері туралы хаттама;

Қосымша № 21. Баға құрылу және тарифтік саясат негіздерін қоса, электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің қызметіне қолжетімділікті қамтамасыз ету туралы;

Қосымша № 22. Баға құрылу және тарифтік саясат негіздерін қоса, газ тасымалдау жүйелері бойынша газ тасымалдау саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің қызметіне қолжетімділік ережелері туралы;

Қосымша № 23. Мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарығын ұйымдастыру, басқару, функциялау және дамыту тәртібі туралы хаттама;

Қосымша № 24. Үйлестірілген (келісілген) көлік саясаты туралы хаттама;

Қосымша 25. Сатып алуларды реттеу тәртібі туралы хаттама;

Қосымша 26. Интеллектуалдық меншік нысандарына құқықтарды қорғау туралы хаттама;

Қосымша № 27. Өнеркәсіптік саясат және ынтымақтастық туралы хаттама;

Қосымша № 28. Өнеркәсіптік субсидиялар беру ережелері туралы хаттама;

Қосымша № 29. Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау шаралары туралы хаттама;

Қосымша № 30. Мүше мемлекеттердің еңбекшілеріне және отбасы мүшелеріне медициналық көмек көрсету туралы хаттама;

Қосымша № 31. Еуразиялық экономикалық одақтағы әлеуметтік кепілдіктер, артықшылықтар және иммунитеттер туралы ереже;

Қосымша № 32. Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың күшіне енуіне байланысты, Кеден одағы және Бірыңғай экономикалық кеңістік қалыптасу аясында жасалған халықаралық шарттар әрекетін тоқтату туралы хаттама.

2014 жылдың екінші жартысында мемлекеттер Шартына қосылған заңнамалық органдарда ЕАЭО туралы Шартты ратификациялауды жүзеге асыру жоспарлануда. 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап ЕАЭО туралы Шарттың күшіне енуі жоспарланып отыр.

Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартпен және оған қосымшамен мына жерде танысуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер