astana-view

ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаевтың Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары басталды

2014 жылғы 02 Маусым
4479 просмотров

Бүгін ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды. Сапар ОҚО Кәсіпкерлер палатасының бірінші жарты жылдықтағы қызметінің қорытындысы айтылып, кәсіпкерліктің алдында тұрған мәселелер қозғалып, ОҚО-дағы ШОБ үшін инфрақұрылымды одан әрі дамыту бойынша жұмыс жоспары талқыланатын кеңестен басталады.

Содан соң Тимур Құлыбаев Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысып, екі өндірістік нысанды аралайды: «Триумф ММС» ЖШС-нің терезе және витраждарға арналған ПВХ-профильдер шығаратын зауыт пен «Қазмедқұрал» ЖШС-нің медициналық құрылғы, медициналық жиһаз және жедел жәрдем көліктерінің комплектациясын шығаратын кәсіпорны.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер