astana-view

Ұзақ мерзімдік келісім-шарттармен қамтамасыз ету – отандық өндірушілерді қолдау деген сөз

2014 жылғы 02 Маусым
4386 просмотров

ҰКП Төралқасының Төрағасы Тимур Құлыбаев Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлерімен жұмыс кездесуі барысында өңірлік кеңестер мен палаталар дирекциясына жергілікті өндірушілер мен жеткізушілерді алып компаниялармен ұзақ мерзімдік шарттармен барынша қамтамасыз ету бойынша мәселелерді пысықтауды тапсырды. Қазақстандық компаниялар үшін бұл айтарлықтай қолдау, ол ЕАЭО қатысушыларымен тең бәсекелестікке мүмкіндік береді. 

«Қазір бұл белорустар мен ресейліктер, ал болашақта Одақты Қырғызстан мен Армения толықтырады. Жергілікті жеткізушілер ірі сатып алулар жүйесіне түсу үшін белсенуіміз қажет», - деп атап кетті Тимур Құлыбаев. 

Ол экономиканы мдернизациялауға арналған қаражаттар Ұлттық палата өкілдерінің даму институттарына кіруінің арқасында қазақстандық кәсіпкерге біршама жақындай түседі. Индустрия және жаңа технологиялар министрлігімен ынтымақтастық Қазақстан аумағындағы өндірісті шектеуге мүмкіндік береді.

«Қол қойылған меморандумдарға сәйкес Ұлттық палатаның өкілдері индустрия министрлігі мен «Бәйтерек» холдингінің барлық органдары мен еншілес кәсіпорындарына енеді, бұл ең алдымен, Қазақстанның даму Банкі және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры. Кәсіпкерлер палатасы индустриалдық дамудың өңірлік картасы жобасын қолдай алады, даму институттарынан кредиттер алу үшін, келешегі бар жобаларды өркендете алады», - деді Тимур Құлыбаев.

Сонымен бірге «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-мен ҰКП-ның жақын арада келісімге қол қоятындығы туралы белгілі болды, соның арқасында олардың сатып алулар жүйесі отандық өндірушілер және жеткізушілер компаниялары үшін қолжетімдірек болмақ. 

ҰКП Төралқасының Басшысы бизнеске арналған қаржыландырудың парасаттылық, ашықтық және тиімділік қағидаларына сүйенуге тиіс деген ойда, сондықтан да өңірлік кеңестер мен кәсіпкерлер палаталарының өкілдері комиссияларда бола отырып, тендерлердің ашықтығын қамтамасыз етуге тиіс және «барлық мәселелер бойынша сұрау ҰКП-ға жасалатын болады».


Еншілес ұйымдар

Серіктестер