astana-view

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі ынтымақтастық туралы келісімге келді

2014 жылғы 30 Мамыр
5415 просмотров

Бүгін Астанада ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев пен Индустрия және жаңа технологиялар Министрі Әсет Исекешев екі ведомство арасындағы Өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

«Бүгінгі меморандумға қол қою – бұл «Атамекен» Одағы» мен Индустрия министрлігінің бірнеше жыл бұрын жолға қойған өнімді әріптестіктің заңды қадамы. ИЖТМ бірге біз МҮИИДБ-2 бойынша бірқатар негізгі бағыттарды жасап шығардық. Бұл мақсаттар үшін біз бүгін министрлікпен бірлесе отырып бірқатар іс-шараларды қарастырдық, бұл оқыту бағдарламалары, бұл жергілікті мазмұнды дамыту бойынша бағдарламалар. Біз сонымен қатар офсеттік саясатты кеңіту төңірегінде жұмыс жасайтын боламыз», - деді ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев.

Өз кезегінде индустрия және жаңа технологиялар министрі Ұлттық палатаның елдегі бизнес ахуалды дамытудағы маңызды ролін атап кетті.

«ҰКП ең белсенді ойыншыға айналып барады. МҮИИДБ-ға енбеген салалар жайын айта кетсем – бұл туризм, фармацевтика, жеңіл өнеркәсіп, құрылған бірлескен топтар осы салалар бойынша салмақты жұмыс жүргізетін болады», - деді Әсет Исекешев.

ҰКП өкілдері консультациялық-кеңесші органдар, тұжырымдама, заң жобаларын, заңдарды жүзеге асыру аясындағы заңға көмекші нормативтік құқықтық актілер дайындау, сонымен қатар бизнес-қоғамдастық өкілдерінің пікірін ескере отырып мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын дайындау бойынша жұмыс топтарының құрамына енетін болады.

Сонымен бірге, ҰКП өкілдері заңнамамен орнатылған тәртіпте тәжірибе алмасу үшін, ҰКП сарапшылық әлеуетін пайдалану, корпоративтік басқару деңгейін жақсарту үшін ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мен оның ведомстволарының басқаруындағы ұйымдардың бақылау кеңестерінің құрамына сайланатын болады.

«Ұзақ мерзімдік жобаларды мемлекеттік сатып алулармен үйлестіру, бүгінде мемлекеттік қолдау бойынша біз ұсынып отырған барлық құралдарға толықтыру беру – бұл, әрине, инвестициялық қызмет үшін үлкен серпін береді. Меморандумда жазылған қызметтің барлық бағыттары бойынша іс-шаралар жоспарын құрып, жұмыс топтарын жасақтау қажет», - деді қорыта келіп Тимур Құлыбаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер