astana-view

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «Бәйтерек» холдингі ынтымақтастық туралы келісімге келді

2014 жылғы 30 Мамыр
4752 просмотров

Бүгін Астанада ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының Төрағасы Тимур Құлыбаев және «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма Төрағасы Қуандық Бішімбаев Ұлттық басқарушы холдинг пен Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арасындағы Өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

«Мен даму институттарындағы мандаттың өзі о баста жобалар үшін қолжетімді қаржы ресурстарының экономикасын модернизациялауға бағытталғанын атап өткім келеді. Өкінішке орай, тәжірибе көрсетіп отырғандай, даму институттары соншалықты тиімді жұмыс жасап жатқан жоқ. Біздің міндетіміз даму институттарының қызметін үш қағидаға негіздеу: парасаттылық, ашықтық және тиімділік», - деп баса көрсетті ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев.      

«Холдинг пен Ұлттық палата күшін біріктіру Елбасының экономиканы әртараптандыру, ШОБ бәсекеге қабілеттілігін көтеру, оның ел экономикасындағы үлесін 50 пайызға дейін жеткізу, және де, ең бастысы Қазақстанның әлемнің дамыған отыз елі қатарына кіру бойынша алға қойған міндеттерінің одан да тиімді жолмен орындалуына көмектесетін болады», - деп атап кетті «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма Төрағасы Қуандық Бішімбаев.

«Экономиканы модернизациялауға арналған құралдардың қазақстандық кәсіпкерге қолжетімді болғаны маңызды»,- деп ерекшелеп кетті соңында ҚР ҰКП басшысы.

Ұлттық палата «Даму» қорының директорлар кеңесіне кіріп үлгерген еді. Бұдан әрі, ҚР ҰКП келесі даму институттарының Директорлар кеңесіне кірмекші:

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ;

«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ;

«Kazyna Capital Management» АҚ және оның еншілес қорлары;

«Байтерек девелопмент» АҚ;

«Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ;

«КазЭкспортГарант» АҚ және басқалары.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер