astana-view

Қазақстанда 40 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектілері тексерістен босатылды

2014 жылғы 03 Маусым
4625 просмотров

Мораторийдің нәтижесінде Қазақстанда 40 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектілері тексерістен босатылды. Бұл туралы бүгін Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысында мәлім болды, - деп «ҚазАқпарат» хабарлады. 

Жиында әлеуметтік нысандардың тексерілу мәселелері талқыланған болатын. Еске сала кетейік, Мемлекет басшысының Жарлығымен үстіміздегі жылдың сәуірінен бастап шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий жарияланды. 

Бас прокуратураның ақпараты бойынша, 2013 жылы кәсіпкерлік субъектілеріне 200 мыңнан астам тексерулер жасалған болса, мораторий жарияланғаннан бері ондай кәсіпкерлік субъектілерін тексерулердің саны 423-ті ғана. «Оның ішінде 3 тексеріс бақылау және қадағалаушы органдардың жоспарлы тексерісі болса, қалған тексерулердің барлығына кәсіпкерлер өздері мүдделілік танытқан», - деді жиынды ашқан Комитет төрайымы Гүлнар Ықсанова. 

Ал, Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің төрайымы Сәуле Айтпаеваның айтуынша, Қазақстанда шағын және орта бизнес субъектілерін тексеруге қатысты мораторий ерекше бақылауда. «Мораторий күшіне енген уақытта Бас прокуратура 10 мыңнан астам тексерісті тоқтатты. Сонымен қатар, биылғы жылы 40 мыңнан астам кәсіпкер тексерістен босатылды», - деді Бас прокуратура өкілі. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер