Гүлшара Әбдіқалықова: Оңтүстік Қазақстан облысы Кәсікерлер палатасының оқу оталығы – елдегі кәсіптік оқыту жүйесіне үлгі
ҚР Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова, білім және ғылым министрі Аслан Саринжипов және Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев бастаған делегация «Оңтүстік» Индустриалды аймағындағы «Бiлікті маман» оқу орталығында болып қайтты. Индустриалды аймақ кәсіпорындары үшін кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілікті көтеру бойынша қызметтер ұсынатын орталықты ОҚО Кәсіпкерлер палатасы облыстық әкімшілікпен бірге ашқан болатын.
Оқыту бағдарламасы кәсіпорын қажеттіліктерін ескере отырып дайындалған, онда 40 пайыз – теория, 60 – практика. Қазіргі сәтте «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының аясында оқытудан 87 жұмыссыз өтіп жатыр – бұл дизайнерлер мен тігіншілер (АЭА кәсіпорындары өтінімдері бойынша), сондай-ақ сылақшы-бояушылар мен сүргілеушілер. Бүгінде Индустриалды аймақтың кәсіпорындарынан 600-ден астам маманға өтінім келіп түскен.
Вице-премьер Гүлшара Әбдіқалықованы орталықта ұйымдастырылған оқыту жүйесі қызықтырды, онда оқыту орталығында теориялық бөлімнен өтіп болған соң, практикалық бөлік Индустриалды аймақтың зауыттары мен фабрикаларында өтеді де, білім алушылар кейін сонда жұмысқа тұрғызылады.
- Бұл оқыту процесіне бизнестің өзі тартылған, кәсіптік оқыту бойынша бизнеспен өзара әрекеттестік жүйесін жөнге салудың үлгісін осыдан көруге болады, - деп атап кетті ол. – Жақын арада Қазақстанда кәсіптік оқыту жүйесі түбегейлі өзгеретін болады, себебі бұл Білім министрлігінің ғана міндеті емес. Бүгін біз жаңа, шынымен де әрекет ететін жүйенің куәсі болдық, онда бизнес өзі үшін кадрларға тапсырыс беріп, оларды оқытады, ал кейін кәсіпорындардың өзі оларды жұмысқа тұрғызады.
ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев білікті мамандар жетіспеушілігі проблемасы экономиканың дамуына кедергі келтіріп отырған факторлардың бірі болып табылатынын атап кетті. Оның үстіне кәсіпқойлар түрлі салаларда жетіспейді. Бұл жағдайдың бизнестің дамуына кедергі келтіріп отырғаны биыл ғана емес.
- Ұлттық палата кадрларды даярлаудың осындай жүйесін салмақты түрде қолдауды мақсат тұтуда, оны бүгін Индустриалды аймақта анық көрсете алды. ҰКП дуалды оқыту енгізудің индустриаландырудың өңірлік карталарына таңылған Жол картасын жасап шықты. Әрбір өңірде осы жобаға қатысатын колледждер, оқу орталықтары және кәсіпорындар анықталатын болады, - деп атап өтті ол.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: