astana-view

Көлік кешені ұйымдары басшыларының назарына

2014 жылғы 10 Маусым
5656 просмотров

Сіздерге қазіргі уақытта Бірыңғай экономикалық кеңістіктің Кеден кодексі (бұдан әрі – БЭК КК) жобасын талқылау аяқталып жатқанын жеткіземіз. Үстіміздегі жылдың 23 маусымында Мәскеу қаласында ЕЭО заңнамасын жетілдіру жөніндегі Жұмыс тобының отырысы өтеді.

Көлік саласындағы Бірыңғай экономикалық одақтың Кеден кодексі жобасының негізгі ережелері туралы көлік кешенінің кәсіпкерлерін ақпараттандыру және жан-жақты талқылау мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өңірлік кәсіпкерлер палаталарының қатысуымен бейнеконференция форматындағы дөңгелек үстел өткізеді.

Дөңгелек үстел 2014 жылғы 12 маусымда сағат 16:00-де мына мекен-жайда өтеді:

Астана қ., Д. Қонаев көш., 8, Изумрудный квартал БО, «Б» блогы, 26 қабат, «Түркістан» конференц-залы; ӨКП облыстық орталықтарында.

Дөңгелек үстелге қатысу үшін 2014 жылғы 11 маусымға дейінгі мерзімде өз қатысуыңыз туралы растауды мына электронды мекен-жайға жіберуіңіз қажет k.khamzin@palata.kz немесе мына телефонға (7172) 919-335.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер