astana-view

Кеден заңнамасын жетілдіру бойынша Жұмыс және Сараптама топтарының 6 отырысының қорытындылары

2014 жылғы 05 Маусым
5296 просмотров

Үстіміздегі жылдың 20 мамырында Жұмыс тобының кеден заңнамасын жетілдіру бойынша Жұмыс тобының (бұдан әрі – Жұмыс тобы) 6 отырысы өтті, ол ЕЭК кедендің ынтымақтастық жөніндегі алқа мүшесі (Министр) В.А.Гошиннің төрағалығымен жүргізілді.

Отырыс жұмысына Жұмыс тобының мүшелері, ЕЭК, БР, ҚР және РФ мемлекеттік органдарының және бизнес-қоғамдастықтарының өкілдері қатысты.

Отырыста мына мәселелер қарастырылып, талқыға салынды:

1. 2014 жылғы 14-18 және 21-25 сәуір аралығындағы сараптама тобының  отырыстарының нәтижелері және осы отырыстың қорытындылары бойынша кеден заңнамасын жетілдіру бойынша Жұмыс тобының қарастыруына шығарылатын мәселелер туралы.

Жұмыс тобының қарастыруына шығарылатын мәселелерді (келіспеушіліктерді) қарастыру қорытындылары бойынша мынадай шешім қабылданды:

1. __ баптың 3 тармағы бойынша «Кеден органдары қабылдайтын тауарлар жіктелуі туралы алдын-ала шешімдер, шешімдер және түсіндірулер»

Беларусь Республикасының Комиссияға Одақтың кедендік шекарасы арқылы жиналмаған немесе бөлшектенген түрде, сонымен бірге жинақтық емес немесе аяқталмаған түрде алып өтілетін тауарлар жіктелуі туралы оларға қатысты кедендік органдар шешім қабылдайтын тауарлар тізбесін анықтау бойынша құзіреттілік беру туралы ұсынысын қолдау;

2. __ бабының 1 тармағы бойынша «Жекелеген тауар түрлері бойынша Комиссия актілері»

Кеден одағының Кеден кодексінде әрекет ететін осы мәселе бойынша ұстанымдарды қалдыру, осылайша, Комиссия тауарлардың жекелеген түлерінің жіктелуі туралы туралы шешімдер және жекелеген тауар түрлерінің жіктелуі туралы нұсқаулықтар түріндегі актілерді қабылдайтын болады, бұл ЕАЭО туралы Шарт ережелеріне сәйкес келеді.

3. 56 баптың 3 тармағы бойынша «Әрекеттің тоқтауы, тауар жіктелуі туралы алдын-ала шешімнің өзгеруі немесе қайтарылуы»

Қазақстандық бизнес-қоғамдастық жеткізген проблемаға байланысты, бұрындары қабылданған тауарлар жіктелуі туралы алдын-ала шешімге әсер ететін жекелеген тауарлар түрлерінің жіктелуі туралы кеден органдары түсініктер берсе немесе шешімдер қабылданса, онда кеден органы бұл алдын-ала шешімді қайтарып алады, тауарға қатысты жаңа алдын-ала шешім қабылданады, ол ретроспективті сипатта болмайды.

4. 57 бабы бойынша «Тауарлардың жіктелуі туралы алдын-ала шешімдердің жариялылығы»

Қазақстандық бизнес-қоғамдастықтың КО және БЭК кеден органдары қабылдаған тауарлар жіктелуі туралы шешімдері мен түсіндірулері ақпаратына Комиссия сайтында бірыңғай ақпараттық терезе құру туралы ұсынысы қолдау таппады.

5. 59 баптың 7 тармағы бойынша «Тауарлардың шыққан елін растайтын құжаттар»

Ресей Федерациясының тарифтік артықшылықтар беру режимі қалпына келтірілетін талаптарын орнату туралы ұсынысын ЕЭК Сауда саясаты департаментінің қорытындысын алған соң Сараптамалық топ отырысы аясында пысықтау ұсынылды.

6. 641 баптың 14 тармағы бойынша «Тауарлардың кедендік құны туралы жалпы ережелер»

Қазақстан Республикасының тауарлардың кедендік құнының кейінге қалдырылған анықталуы тәртібін орнатудың ұлттық деңгейіне жатқызу туралы ұсынысы Тараптардың кедендік төлемдерді толтырылмау бойынша болашақ өзара наразылығына әкелуі мүмкін болуына орай қолдау таппады.

7. 641 баптың 15 тармағы «Тауарлардың кедендік құны туралы жалпы ережелер»

Осы тармақты редакциялау туралы үш тараптың келіспеушілігінен сараптамалық топ отырысында қосымша талқылау шешілді.

Тараптар пікірі бір жерден шықпаса, ЕЭК Кеңесінің отырысына шығарылады.

8. 831 баптың 3 тармағы бойынша «Әкелінетін кеден баждарын төлеу мерзімін шегеру немесе бөліп төлеуді ұсыну негіздемелері»

Ресей Федерациясы бұл тармақты алып тастау бойынша ұсынысты алып тастады, мерзімдер тағы да қарастырылады.

9. 2171 баптың 6 тармағы «Кедендік транзит кезінде кеден баждарын, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді ұсынуды растау ерекшеліктері»

Тараптардың кеден қызметтерінің бұл мәселені кеден әкімшілігі басшыларының деңгейінде пысықтауын сұрауға шешілді.

2. Кеден декларациясында мәлімденген мәліметтерді тексеру бойынша әрекеттерді кеден операцияларына, кедендік бақылауға жатқызу бойынша ұстанымдар туралы.

Кеден декларациясында мәлімделген мәліметтерді тексеруді кедендік бақылауға жатқызуға шешім қабылданды.

3. 2014 жылғы мамырда өтетін Сараптама тобы отырысының қоюшы міндеттері туралы.

4. Жұмыс тобының 7 отырысын өткізу күні мен орны туралы және күн тәртібі жобасы туралы.

Жүргізілген талқылау қорытындылары бойынша шешілді:

1. Жұмыс тобының жетінші отырысын 2014 жылғы 23 маусымда өткізу.

2. Сараптама тобының жетінші отырысын 2014 жылғы 16-20 маусымда және 2014 жылғы 23-27 маусымда өткізу.

3. 2014 жылғы маусымда Сараптама тобының жетінші отырысының барысында Одақтың КК жобасының Одақтың кедендік шекарасы арқылы өту және жекелеген тауар санаттарына қатысты (КО КК 44-50 тараулары) кеден операцяларын жасау ерекшеліктеріне, және де кеден процедураларына (КО КК 29-43 тараулары) қатысты ережелерді қарастыру.

4. Жұмыс тобының жетінші отырысы барысында Беларусь Республикасы бизнес-қоғамдастығының Одақтың КК жобасында кеден декларациясының мүше мемлекеттер заңнамасымен орнатылған талаптарға сәйкестігін растайтын құжаты бар тұлғаларға – білікті мамандарға ғана берілуі мүмкін екендігі туралы ережені қарастыру.

5. Жұмыс тобының жетінші отырысы барысында Комиссияның КО КК 128 бабының 4 тармағына сәйкес Комиссия анықтайтын тәуекелдер аумағына қатысты тәуекелдерді кеміту шараларын орнату бойынша Комиссия құзіретін талқылау. Жұмыс тобының кезекті отырысына дейін мүше мемлекеттердің осы мәселе бойынша ұстанымдарын даярлауды сұрау.

 

Сараптама тобының ЕАЭО Кеден кодексі жобасын дайындау бойынша 6 отырысының қорытындылары.

Үстіміздегі жылдың 19 мамырында және 21-30 мамыры аралығында ЕАЭО КК жобасын дайындау бойынша Сараптама тобының (бұдан әрі – Сараптама тобы) жұмысы жүргізілді, оның барысында сарапшылар «Еркін кеден аймағының кедендік процедуралары» (ЕКА), «Еркін қойманың кедендік процедуралары» (ЕҚ), «Арнайы кеден процедурасы» тарауларының редакцияларын даярлады.

Одақтың КК жобасына 2010 жылғы 18 маусымдағы еркін кеден аймағының кедендік процедуралары және Кеден одағының кеден аумағындағы еркін (арнайы, ерекше) экономикалық зоналар мәселелері бойынша Келісімнен және 2010 жылғы 18 маусымдағы еркін қойманың кедендік процедуралары және еркін қоймалар туралы Келісімнен кеден процедуралары бойынша нормалар қосылды, олар бойынша жеңілдіктер мен мерзімдер (экономикалық құрамдас) жоғарыда аталған келісімдермен анықталады.

ЕКА және ЕҚ бойынша тарауларға айтарлықтай өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.

Кедендік бақылау бойынша тарауларды қарастыру барысында «Кеден органдары» бөлімі және Одақтың КК жобасының 16, 27 тарауларының ережелері толықтырылды, «Кедендік бақылауды жүргізуді қамтамасыз ететін шаралар» деген жаңа тарау, сондай-ақ «Кедендік бақылау нысандары» деген жаңа бап енгізілді.

2014 жылғы 23 маусымға жоспарланған 7 отырыс барысында Жұмыс тобының қарастыруына шығарылатын мәселелер:

1) Комиссия қабылдайтын жіктелу туралы шешімдер мен түсіндірулер бойынша бап редакциясы («Жекелеген тауар түрлерінің жіктелуі туралы Комиссия шешімдері мен түсіндірулері»);

2) мүше мемлекетте қолданатын тауарлар жіктелуі бойынша Бүкіл әлемдік кеден ұйымы қабылдауы сияқты негіздемені тауарлар жіктелуі туралы алдын-ала шешімді қайтарып алу туралы шешім қабылдау үшін негіздемеге жатқызу мәселесі бойынша келіспеушілік (56 баптың 4 тармағы «Әрекетті тоқтату, тауарлар жіктелуі туралы алдын-ала шешімді өзгерту немесе қайтып алу»);

3) тауарлардың кедендік құнын анықтау әдістерін қолдануда «Тауарлардың кедендік құны» 8 тарауының ережелерін бірыңғай қолдануды қамтамасыз етуге бағытталған актілерді қабылдау бойынша Комиссия құзыреттілігі бойынша келіспеушілік (Одақтың КК 641 бабының 15 тармағы).

4) кедендік бақылау нысандарын, кедендік бақылау формаларын және кедендік бақылау жүргізуді қамтамасыз ететін шараларды таңдау үшін тәуекелдерді басқару жүйесін қолдануға ұстанымдар бойынша келіспеушіліктер (Одақ КК жобасы 95 бабының 5 тармағы «Кедендік бақылау жүргізу»);

5) «Тауарлардың арнайы маркалармен маркалануын тексеру, оларда сәйкестендіру таңбаларының болуы» деген 118 бапты редакциялау және оның ережелерінің Одақтың КК жобасына енгізілуі бойынша мүше мемлекеттер ұстанымдары.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер