ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов Алматы облысында жұмыс сапарымен болып қайтты
Сапар барысында Басқарма басшысы мен оның орынбасары Нұржан Әлтаев электроэнергетикалық нысандары сақадай сай құрылысқа мамандандырылған «АСПМК – 519» компания тобына енетін «Инфраэнерго» ЖШС-тің жұмысымен танысты. Кәсіпорын 2005 жылы Қазақстан нарығын қымбат емес және сапалы электротехникалық өнімдермен толтыру мақсатында құрылған. Жартылай фабрикаттар мен жинақтаушы бұйымдар европалық өндірушілердің, соның ішінде «Шнайдер-Электрик» (Франция) компаниясының ең таңдаулы шикізаттарынан жасалады.
2007 жылы «Инфраэнерго» ЖШС ISO 9001 сапа менеджменті жүйесінің сәйкестілік куәлігін алды. Қазіргі кезде кәсіпорында жұмыс істейтін қызметкерлердің саны шамамен 240 адамды құрайды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: