Алматыда шағын және орта бизнес басшыларының Халықаралық «Бизнес-өңір» конгресі өз жұмысын бастады
Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасы Конгресс аясында алқа отырысын өткізді, оған Қазақстанның барлық өңірлерінен шамамен 200 кәсіпкер қатысты. Кіріспе сөз ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Гүлнар Құрбанбаеваға берілді. Ол жағымды бизнес-ахуал қалыптастыру аясындағы Палатаның жоспарлары мен міндеттерін, сонда й-ақ Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алдына мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаев қойған міндеттерді ескере отырып, кәсіпкерлікті дамытудың келешегі бар бағыттары жайлы айтып берді, бизнес-құрылымдар өкілдерінің сауалдарына жауап берді. Алқа отырысының аясында «Заманауи экономикалық жағдайлардағы ШОБ кәсіпорындарының даму болашағы және мүмкіншіліктері» сессиясы және жеті спикер қатысқан openspace форматындағы сессия өтті. Спикерлер қатарында ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, «Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау» бағыты бойынша партиялық тәлімгер Айгүл Соловьева, Алматы қ. Кәсіпкерлер палатасының директоры Ерлан Стамбеков, ҚР Отбасылық бизнес қауымдастығының басшысы Исакова Яна және басқалары болды.
Конгрестің бірінші күнінде Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы «Қазақстанның өндірушілері: ішкі және сыртқы нарыққа шығу. Проблемалар және шешу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел өндірушілер, мемлекеттік құрылымдар, қоғамдық құрылымдар өкілдері, сауда желілерінің өкілдері, халықаралық сарапшылар, өңірлік кәсіпкерлер палаталарының және басқа да мүдделі тараптар өкілдерінің қатысуымен интерактивті сессия форматында өтті. Бизнесмендерге нарықтың қазақстандық сегментіне өнім жеткізу аясындағы шешімдер ұсынылды. Қазақстандық өндірушілер кедендік одақ аясында бәсекелестіктен жеңіліп жатқаны бізге белгілі. Мысалы, Ресейде Кәсіпкерлік қызмет субъектісінің 50%-ы – ірі ауыл шаруашылық кәсіпорындары, Беларусьта – колхоздар, олар инновацияларды белсенді түрде енгізуде, Қазақстанда болса, негізінде, инвестициялар лайықты түрде келмейтін ұсақ тауарлы өндірістер басым болып отыр.
Тұтынушылар кооперациясы заманауи технологияларды ескере отырғанда – бизнесті қолдаудың шынайы инфрақұрылымы ғана емес, бұл сонымен қатар кепілдендірілген қарыздар, инвестициялар, тармақталған сауда желісі, оған қоса сақтау, логистика және қайта өңдеу. Мысалы, Болгарияда тұтыну кооперациясының аясында 3 000 дүкен бар, Беларусьта 10 800, өнімді өткізумен оларда проблема туындамайды.
«Қазақстандық бизнесмендердің сыртқы нарыққа шығуына қазақтың «Кротонвилін» - ірі кәсіпорындар базасында оқытуды құру көмектеседі деген ойдамыз. Әлемдегі ең әйгілі менеджер Джек Уэлч, «Дженерал Электрик» компаниясының иегері, өз кезінде бизнесті дамыту институтын құрған, ол ендігі 15 мың менеджерді даярлап үлгерген. Барлық бітірушілер еңбек нарығында елеулі сұранысқа ие. Қазақстанда да осы жобаны жүзеге асыруға болады, жай ғана теорияны практикамен ұштастыру керек, оқытуды жүргізуге үздік оқытушыларды, үздік практиктерді табу керек», - деген ұсыныс жасады дөңгелек үстел модераторы, Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының экономикалық блок бөлімінің бастығы Эдуард Ким.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: