astana-view

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Еуразиялық экономикалық одақ туралы өзекті мәселелерге жауаптарды жариялайды

2014 жылғы 05 Маусым
4166 просмотров

Үстіміздегі жылдың 29 мамырында Астанада Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартқа қол қойылды.

Іс жүзінде, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Шарттың барлық бөлімдері бойынша Қазақстанның кәсіпкерлік қоғамдастығының ұстанымдарын жасап шығарған болатын.

Жалпы, Палата ресми түрде Үкіметке 120-дан астам ескертулер мен ұсыныстар жасады. Ақырында, шамамен 90%, яғни бизнес ұсыныстарының басым көпшілігі қазақстандық келіссөздер тобының ресми ұстанымына айналды және Шарттың қорытынды редакциясына енді.

Шарттың мәні экономиканың барлық салаларындағы экономикалық ынтымақтастықтың мәселелері болып табылады. Оның үстіне Шарттың ережелері қатысушы елдердің тәуелсіз экономикалық саясат жүргізуіне шектеу қоймайды.

Палата сарапшылары Шарттың экономиканы ұлттық реттеудің мүмкіндігін анықтайтын негізгі ережелерін ерекше көрсетті.

Сондай-ақ, Шарт аясында Еуразиялық экономикалық одақтың бұдан арғы қалыптасуы онға жуық үш жақты құжаттың дайындалып, қабылдануын болжайды.

Ұлттық палата кәсіпкерлерді экономикалық интеграцияның маңызды мәселелері бойынша бизнестің шоғырландырылған ұстанымын қалыптастыруға белсене ат салысуға шақырады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер