astana-view

Мақта саласындағы трансферттік бағаларды тексерудегі шығындар 700 млн теңгені үстеп төлеуге әкелді

2014 жылғы 05 Маусым
4744 просмотров

Салықшылар трансферттік баға белгілеуді тексеру нәтижелері бойынша екі мақта компаниясына 700 млн. теңгеден астам үстеп төлеуді жүктеді. 

Офшорлар арқылы мақта-талшықтың жекелеген партияларын сату оларды трансферттік баға белгілеу туралы заң таралатын тауарлар тізбесіне қосудың себебі болды. Сонымен қатар, уран мен газ, әлеуметтік тұрғыдан маңызды тауарлар ретінде осы заңның әрекетінен алынып тасталды. Дегенмен мақта өндірісі шамамен 700 мың адамды қамтиды, ал мультипликативті әсерді ескергенде одан да көп, дегенмен мақта әлеуметтік маңызы бар тауарлар деп танылмай отыр.

Экспорттық мәмілелердегі мақта-талшыққа бағаларды салық қызметтері талдау кезінде негізгі проблема «Cotlook Limited» жариялайтын А Индекстеріне салыстыруға келмейтін байлаулар болып табылады. Алайда бұл салыстыруда көптеген маңызды ерекшеліктер ескерілмейді, ең бастысы – қазақстандық мақта сапасының төмендігі. Сонымен қатар,  А Индексі дегеніміз түрлі елдердің орташа талшықты мақтаның ең арзан бес баға белгіленуінің ішінен орта арифметикалық мәнді білдіреді. Мұнда көлік шығындары, сақтандыру, кедендік тазарту, сонымен қатар рентабельділік, трейдер кірісі де кіреді. Бір сөзбен айтқанда, салықшылардың сүйеніп отырғаны – бұл айтарлықтай қиын есептелетін мәліметтер, оған қоса қазақстандық мақтаның биржалық түрлерден біршама төмен сипаттамалары. Біздің қысқа талшықты мақта Ливерпуль биржасында ешқашан саудаға түскен емес.

Бұл проблемалар түрлі деңгейлерде бірнеше рет көтерілді. Бірақ шешілмеген сауалдарға қоса мақташыларды тексерулер, олардың шоттарын тұтқындау, қызметін тоқтату, миллиондаған үстеп есептеулер жалғаса берді. Осындай кедергілердің салдарынан соңғы жылдары компаниялар форвардтық шарттарға қол қою жолымен қаржыландырған мақта егу төмендеп кетті. Сәйкесінше, шаруалардың трейдерлермен қаржыландырылуы төмендейді, ал бұлар өз кезегінде халықараларық шарттардың өнім жеткізу бойынша талаптарын орындамайды. Мұндай деректер ауыл шаруашылығы саласына инвестициялық ағынның төмендеуіне көмектеседі, ал бұл ҚР Президентінің нұсқауларына қайшы келеді.

Бүгінде инвестицияның мақта саласынан жылыстауы ҚР «Мақта саласын дамыту туралы» Заңының 15 бабының 1 тармағында қарастырылған тыйым салу шараларымен де және 2007 жылғы 11 қаңтардағы «Лицензиялау туралы» ҚР Заңының 25 бабының 4 тармағында қарастырылған «шикізат мақтаны мақта-талшыққа алғашқы қайта өңдеуді» лицензиялаумен де байланысты.

Сонымен бірге мақта егуші өңірде заңнамалық актілердің олқылықтарының салдарынан әлеуметтік ахуалдың шиеленісіп кетуі мүмкін деген қауіп те жоқ емес.

АӨК комитетінің хатшылығы және ҰКП кәсіпкерлерді қорғау жөніндегі департаменті «Қазақ мақта қауымдастығы» БЗТ бірлесіп заңнамалық актілердегі олқылықтарды кейін кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі Қоғамдық кеңеске талқылау үшін енгізумен жою бойынша шаралар қолдануда.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер