astana-view

Ақтөбелік кәсіпкер үш мүгедекке өз ісін дамытуға көмектесті

2014 жылғы 11 Маусым
4321 просмотров

Ақтөбе облысы бойынша кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында «Даму-Көмек» бағдарламасының аясында мүмкіндіктері шектелген Алға ауданының үш кәсіпкеріне іскерлікке керек-жарақ жабдықтарын тапсыру рәсімі өтті, ҚазАқпарат.

Алға ауданының Сымбай ауылының тұрғыны Айна Ертазинаға көпфункционалды тігін машинасы сыйға берілді. Әйел адам 2013 жылы мүгедек болып қалып, жұмысын тастауға тура келген. Алайда Айна онымен қол қусырып отырмай, үйде көрпе тігіп, қыздардың жасауын жасап беріп отырған. Жаңа машина сол ісіне одан әрі дамытуға көмектесері хақ.

«Мүгедектерді қолдайтын бағдарлама туралы кездейсоқ біліп қалып, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына бизнесті несиелеу бойынша кеңес алуға бардым. Оным бекер болмады, өтінішімді жерге тастамады. Қолдау көрсеткендері үшін зор алғысымды білдіремін»,- деп ағынан жарылды кәсіпкер.

Алға ауданының Черноводск ауылынан екінші топтағы мүгедек Кенжеғали Ешниязов болса, тоңазытқышқа ие болды. Ер адам үй тауық пен үйрек өсіріп, оларды дүкендерге таратады екен. 

Аяқ киім шеберханасын ашқан  1 топтағы мүгедек Бестамақ ауылының тұрғыны, 1 топтағы мүгедек Игорь Козлов су жаңа станоктар мен тігін машинасын иеленді.

Алға ауданының тұрғындарының үшеуіне де директор Гүлнар Сералиеваның «КазЦКУБ «Нитрохим» ЖШС жергілікті кәсіпорны көмектесті. Кәсіпкер әйелге «Даму» қорының атынан алғыс хат тапсырылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер