astana-view

ШОБ кәсіпкерлеріне менеджмент, маркетинг, заң қызметтері, ақпараттық технологиялардың қызмет ету саласында тегін кеңес берілетін болады

2014 жылғы 10 Маусым
- Алматы қаласы
12308 просмотров

Биыл Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы алғаш рет «Бизнестің жол картасы-2020» (БЖК 2020) Бағдарламасының «Кәсіпкерлік әлеуетті күшейту» төртінші бағытының «Әрекеттегі бизнеске сервистік қолдау» бесінші құрамдасының Операторы ролін өзіне алды. Бұл қызметті біздің қаламызда Алматы қаласы бойынша Кәсіпкерлер палатасы атқарады.

Алғаш рет конкурстық іріктеуде 2014 жылғы 6 маусымда Алматы компаниялары жеңіп шықты, олар қызметтерді қосалқы мердігерлікке беру құқынсыз, өз беттерінше жұмыс жасайтын болады. Палата іріктеу кезінде-ақ шағын және орта бизнесті қолдау қағидасын жүзеге асыруға тырысты, бұл БЖК 2020 мақсаты болып табылады – сервистік компаниялар ретінде 2 коммерциялық емес ұйым, сонымен бірге салалық қауымдастық, және де 5 ШОК (шағын және орта кәсіпкерлік) субъектісі, сонымен бірге бір жеке кәсіпкер іріктелініп алынды. Жақын күндері олармен шарттар жасалынады да, олар қаланың шағын және орта бизнесіне келесідей тегін сервистік қызмет көрсете бастайды:    

  • бухгалтерлік және салық есебін жүргізу, сондай-ақ статистикалық есептілікті құрастырумен байланысты;
  • кеден процедуралары бойынша;
  • менеджмент жүйелерін енгізу бойынша барлық процесті толық сүйемелдеу және консультация беру бойынша;
  • заң қызметтерін көрсету бойынша;
  • маркетинг мәселелері бойынша;
  • ақпараттық технологиялардың қызмет көрсету саласында консультациялар бойынша;
  • мемлекеттік сатып алулар, ұлттық компаниялардың және жер қойнауларын пайдаланушылардың сатып алуларымен байланысты қызметтер бойынша.

Шарт жасалып біткен бетте сервистік компаниялар БАҚ-қа бірден өз жұмысының басталғаны туралы ақпаратты орналастырады және қызмет көрсете бастайды.

Кәсіпкерлер палатасы қызмет көрсетілуіне бақылау жүргізетін болады, компанияларда қиындықтар туындаған жағдайда көмек көрсетеді. Сапасыз жұмыс кездескен жағдайда Палата  бір тарапты тәртіпте шартты бұзып, жаңа компания таңдауға құқылы.

Егер кәсіпкерлер БАҚ-та хабарландыруды таба алмаса, анықтамалық үшін Палатаға жүгіне алады, мұнда оларға қызмет көрсету орындарын хабарлап, сонымен бірге өзге де қызығушылық тудырған сауалдарға жауап береді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер