astana-view

Қазақстандағы бизнестің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі Ұлттық тұжырымдамасының жобасын талқылау бойынша дөңгелек үстел

2014 жылғы 16 Маусым
4862 просмотров

Корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктің мәселелері – бүгінде іскерлік әлемдегі ең көп талқыланатындардың бірі. Бұл қоғамның дамуындағы бизнес ролінің айтарлықтай өскендігіне, іскерлік саладағы ашықтыққа деген талаптардың көтерілуіне байланысты.

Үш жақты Бас келісім аясында 2012-2014 жылдарға «Бизнестің экономикалық уәждемесіне негізделген Қазақстандағы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі Тұжырымдамасының жобасын» дайындау бойынша міндет қойылған болатын.

Қазіргі сәтте Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Еуразия Орталық Азия Қоры» Корпоративтік қорымен бірлесіп Қазақстандағы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі Ұлттық тұжырымдамасының жобасын дайындап шықты.

Жобаның мақсаты Қазақстан Республикасындағы корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікті өркендетуге бірыңғай ұстанымды дайындау болып табылады.

Бұл құжаттың ерекше өзгешелігі мемлекет, бизнес және азаматтық сектордың серіктестігінің тереңдеуіне негізделген Қазақстандағы бизнестің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін өркендетуге бірыңғай ұстанымның қарастырылуында болып отыр.

2014 жылғы 19 маусымда ҚР ҰКП Қазақстанның Азаматтық Альянсымен бірлесіп Қазақстандағы бизнестің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігінің Ұлттық тұжырымдамасының жобасын талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізеді.

Өткізу орны мен уақыты: Алматы қ., Мұратбаев көш., 134, 3 қабат. Басталуы 11:00 сағатта.

Дөңгелек үстелге тіркелу үшін мүдделілердің n.mukhtarova@palata.kz мекен-жайына жазуын сұраймыз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер